×

Ұлы Абайдың 180 жылдығына дайындық қалай жүріп жатыр? – Берік Уәли қадағалап қайтты

Облыс әкімі мерейтойға аз уақыт қалғанын ескертіп, жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды

Ұлы Абайдың 180 жылдығына дайындық қалай жүріп жатыр? – Берік Уәли қадағалап қайтты
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Берік Уәли Абай ауданының Абайдың 180 жылдық мерейтойына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қарауылтөбе – мерейтой аясындағы негізгі іс-шаралар өтетін орындардың бірі

Мұнда 400 орындық көрермен алаңы бар үлкен дала сахнасы, ат жарысына арналған шеңбер, киіз үйлер қалашығы, кәсіпкерлерге арналған 2500 шаршы метрлік сауда аймағы, сондай-ақ жарық, су, кәріз желілері мен санитарлық-тұрмыстық нысандар қарастырылған. Қосымша жолдар салынып, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдер жөнделуде.

Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов, Абайдың 180 жылдық мерейтойын өткізуге орай құрылған штабтың атқарушы хатшысы Жанжігіт Омархан, облыстық басқарма басшылары мен құқық қорғау органдары, төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері аймақ басшысына мерейтойға дайындық барысы туралы баяндады.

Облыс әкімі Абай саябағында да болды. Мұнда қазіргі уақытта абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Мерейтой аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі – «Жеті қазына» республикалық фестивалінің ашылу салтанаты, «Сұлу әйел» және «Ер жігіт» сайыстары осында өтеді. 

Осы жерде аймақ басшысына «Абай елі» стелласы таныстырылды. Қарауылтөбеде бой көтеретін еңселі ескерткішке ауданның кәсіпкерлері демеуші болған.   

«Композиция өте орынды ойластырылған. Бесік бар, домбыра бар. Абай елі – өнерпаздардың, ақындардың, батырлардың елі. Сондықтан мүндағы «Абай елі» деген жазудың мағынасы терең. Яғни, стелланың мәні мен мазмұны бәріне ұғынықты. Аудан тұрғындары мен қонақтары келетін тамаша орын болады деп ойлаймыз», - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы сонымен қатар «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешеніне барды. Қазіргі уақытта мұнда «Қазреставрация» мекемесі кесенелерді ағарту, электр жарығын және сыртқы бағаналарды қалпына келтіру, сырлау-бояу жұмыстарын жүргізуде. 

Облыс әкімі мерейтойға аз уақыт қалғанын ескертіп, жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды. 

«Этно ауыл Жидебай» туристік кешенінің құрылысы басталды

«Туған жерге туыңды тік» акциясы аясында Абайдың 180 жылдығына орай Абай ауданындағы «Абай-Шәкәрім» кесенесі аумағында «Этно ауыл Жидебай» кешені бой көтереді. Бүгін ғимараттың іргетасын қалау рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Берік Уәли, меценат Бектас Медғатов қатысты. 

Абай ауданының тумасы, меценат Бектас Медғатовтың бастамасымен жүзеге асатын, 60 гектар аумақты қамтитын кешеннің жалпы құны – 1,2 млрд теңге. Жобаның мақсаты – өңірдегі туризмді дамыту, рухани-мәдени мұраны дәріптеу және Жидебайды халықаралық туристік бағыттардың біріне айналдыру. 

Кешеннің құрамында жыл бойы жұмыс істейтін киіз үйлер мен бунгало үлгісіндегі қонақүйлер, этно-SPA орталығы мен қоғамдық тамақтану орындары қарастырылған. Сонымен қатар ипподром, хайуанаттар бағы, конференц-зал, тимбилдингке арналған арнайы аймақтар, электромобильдерді қуаттау станциялары мен қымыз құю желісі бар заманауи орындар болады. 

Жоба іске қосылғаннан кейін 50 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және өңірдің туристік әлеуетін арттыруға оң әсер етеді.

Облыс әкімі бұл жобаның Абай ауданының туризм саласын дамытып қана қоймай, аудан экономикасына да серпін беретінін атап өтті.

«Осы елден түлеп ұшқан Құлжановтар әулеті «Туған жерге туыңды тік» атты акциямызға қолдау білдіріп, өздерінің атақоныстарының маңынан, Жидебайдың жанынан халыққа қызмет көрсететін демалыс орнының жұмысын бастап жатыр. Бұл аудан тұрғындары, туристер тарапынан да көптен бері айтылып жүрген болатын. Елдің тілек-арманын жүзеге асырғалы отырған Құлжановтар әулетіне барша Абай елі атынан алғыс айтамын. Сонымен қатар, меценат Бектас Шыңғысұлы Қарауыл ауылында аумағы 1200 шаршы метрден асатын қонақ үй құрылысын бастайды. Қонақ үй кешенінде заманауи мейрамхана, кофейня, жазғы терраса, балалар ойын аумағы, бильярд залы болмақ. Бұл жоба жүзеге асқанда тағы 15 адам тұрақты жұмысқа орналасады. Осы жобалардың кедергісіз жүзеге асуына жергілікті әкімдік тарапынан жан жақты қолдау көрсетілетін болады», – деді аймақ басшысы. 

Жидебайда интернет желісі іске қосылды

Абайдың 180 жылдық мерейтойы қарсаңында Жидебай музей-қорығына Beeline ұялы байланыс операторының интернет желісі іске қосылды. Облыс әкімі Берік Уәли туристер ең көп келетін қасиетті орынға орнатылған антенна-діңгекті құрылғының жұмысымен танысты. Жоба һәкім Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылды.

«Ақпан айында ауданға жұмыс сапарымен келгенімде жергілікті әкімдік осы мәселені көтерген еді. Қолдау білдіріп, облыстық бюджеттен қаржы бөлдік. Бұл тек Жидебайды ғана емес, оның айналасындағы елді мекендерді интернетпен қамтамасыз етеді. 1 тамызда Бөрілі елді-мекеніне антенна-діңгекті құрылғыны орнату жұмыстары аяқталады. Осылайша Абай тойы қарсаңында Абай ауданы облыстағы 100 пайыз интернетпен қамтылған алғашқы аудан атанады», – деді аймақ басшысы. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда көпбалалы аналар марапатталды
Бүгін, 17:36

Түркістанда көпбалалы аналар марапатталды

Шаһарда 15 739 көпбалалы ана бар
Киік санын реттеу жұмыстарына 6 облыстағы 24 мал сою пункті жұмылдырылған
Төленге қарсы «алаяқтық» бабы бойынша арыз түсірген.
Сәкен Мамаш 2014 жылдан бастап жәбірленуші Каринамен заңды некеде тұрған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →