×

Түркістанда көпбалалы аналар марапатталды

Шаһарда 15 739 көпбалалы ана бар

Түркістанда көпбалалы аналар марапатталды
Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан қаласында көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шара барысында аналардың отбасындағы, қоғамдағы рөліне ерекше тоқталған қала әкімінің міндетін уақытша атқарушы Байдулла Оразбеков анаға деген шексіз алғыс пен құрметтің бұл рәсім арқылы көрініс тапқанын атап өтті.

– Бүгін біз ел болашағын тәрбиелеуде өлшеусіз үлес қосып келе жатқан асыл аналарымыздың еңбегін лайықты бағалап, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес “Алтын” және “Күміс” алқалармен марапаттау мақсатында бас қосып отырмыз. Бұл – тек марапаттау шарасы ғана емес, сіздерге деген шынайы алғысымыздың, зор құрметіміздің белгісі. Ананың мейірімі мен төзімі – ұлттың баға жетпес байлығы, – деді Байдулла Оразбеков.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында көпбалалы аналардың жалпы саны 15 739 адамды құрайды. Олардың ішінде 1 098 ана – «Алтын алқа», 2 366 ана – «Күміс алқа» иегері атанса, 71 анаға «Батыр ана» атағы берілген. Сонымен қатар, 95 ана І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған. Бұдан бөлек, 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп баласы бар аналардың саны 12 109 адамға жетіп отыр. Бұл – өңірдегі демографиялық өсім мен аналардың қоғамдық рөлін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
Кеше, 17:00

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

Мемлекеттік тілдің мерейін көтерген бұл шара жалпыхалықтық мерекеге айналды
Облыстағы 284 елді мекеннің 158-і немесе 55,3%-ы газ жүйесіне қосылған
Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады
Екі күндік форум «Азаматтық секторды цифрландыру: Үкіметтік емес ұйым үшін трендтер мен мүмкіндіктер» тақырыбына арналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →