×

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

Ұлытауда тазалықпен таң атқан күн

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

2025 жылғы 22 шілдесінде Ұлытау облысының барлық өңірлерінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында түрлі бағыттағы экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл шаралардың басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындардың экологиялық санасын арттыру және табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттау.

Облыс орталығы – Жезқазған қаласында акция аясында қала тұрғындары, жастар және белсенді азаматтар Алғашқы құрылысшылар алаңындағы ағаштарды суару жұмыстары жүргізіп,  түптері қопсытты. Бұл шаралар ағаштардың өсіп-өнуін жақсартып, олардың ұзақ өмір сүруіне септігін тигізеді. Тұрғындар табиғатты аялаудың маңызын түсініп, алдағы уақытта да ағаштарға тұрақты күтім жасап тұруға дайын екендіктерін білдірді.

Сәтбаев қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жастардың белсенді қатысуымен бірқатар маңызды шаралар өтті. Акция барысында жастар экология тақырыбына арналған өлеңдер оқып, қоғамға табиғатты қорғау мен тазалықты сақтаудың маңыздылығын насихаттады. Бұл шара жастардың экологиялық мәдениетін арттырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталды. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдердің спорттық-сауықтыру аймағында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Қаражал қаласында, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында да «Таза қала», «Таза аудан» акциялары өтті. Бұл шараларға коммуналдық қызметтер, тұрғындар, жастар мен еріктілер қатысты. Қала мен аудан тұрғындары негізгі көшелер мен саябақтарды, скверлерді тазалап, аулаларында сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды. Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданында экологиялық тәрбиеге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде экологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында жастар мен еріктілер қала тұрғындарына түрлі брошюралар мен кітапшалар таратты. Олар қалдықтарды қайта өңдеу, энергия мен суды үнемдеу, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамдық орындарды ластамау бойынша пайдалы кеңестер берді. Ұлытау ауданында «Ембұлақ» аумағында таңғы сағаттардан бастап тазалық жұмыстары жүргізіліп, акцияға аудан әкімдігі мен ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, ауыл жастары мен тұрғындар жұмыла қатысты.

Ұлытау ауданында «Ембұлақ» аумағында таңғы сағаттардан бастап тазалық жұмыстары жүргізіліп, акцияға аудан әкімдігі мен ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, ауыл жастары мен тұрғындар жұмыла қатысты.

 «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 2025 жылдың басынан бері 7 облыстық және 4 қалалық сенбілік өткізілді. Бұған қоса, апта сайын қала мен аудандарда «Таза бейсенбі» шарасы өткізіліп келеді.

2025 жылдың басынан бастап «Таза Қазақстан» акциясына 40 мыңнан астам адам қатысты. Сондай-ақ 712 арнайы техника бірлігі жұмылдырылып, 3520 тонна қоқыс шығарылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағанашылдағы балалар үйіне қатысты даудан кейін тексеріс басталды
Бүгін, 15:47

Бағанашылдағы балалар үйіне қатысты даудан кейін тексеріс басталды

Президент әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссия мүшелері балалар үйінің тәрбиеленушілерімен, мекеме ұжымымен және білім беру жүйесінің өкілдерімен кездесті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →