Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталықтарының» ашылуы – отбасы құндылықтарын қорғаудың, адамға деген қамқорлықтың нақты дәлелі. Бұл бастама мыңдаған жанға жаңа өмірге қадам басуға көмектеседі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Түркістан қаласы мен өңіріндегі Отбасын қолдау орталықтарының кеңеюі – әлеуметтік жауапкершіліктің нақты көрінісі. Бүгінгі таңда 17 орталық жұмыс істеп, өңірдің түрлі аудандарындағы азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетуде. Бұл — тек ресми мекеме ғана емес, отбасы құндылықтарын сақтап, әлеуметтік тұрақтылық пен азаматтық қоғамды нығайтудағы маңызды институционалды тепе-теңдік. Түркістанда енгізілген FSM Social мобильді жүйесі дер кезінде көмек көрсетуді автоматтандырса, республикалық семинарлар арқылы мамандардың кәсіби біліктілігі артты. Бұл — жүйелі бақылауды, сапалы қызметті қамтамасыз етуде үлкен қадам. Әр отбасы — қоғамның тірегі. Сондықтан мұндай қолдау орталықтары — бірге қиындықты жеңуге, бейбіт әрі берік қоғам құруға үлес қосатын маңызды құрылым. Олардың жұмысы — болашақ ұрпаққа берік тірек қалыптастырғанмен бірдей», - деді «Отбасын қолдау орталығының» психолог маманы Гүлмира Исаева.
Айта кетейік, Түркістан облысында отбасы құндылықтарын қорғау мен қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсету бағытында жаңа бастама қолға алынды. Өңірдің барлық аудан мен қаласында 17 «Отбасын қолдау орталығы» ашылып, олар тұрмыстық қиындық көрген адамдарға жан-жақты көмек көрсетуде. Жыл басынан бері орталықтарға 4 782 өтініш түскен, оның ішінде 4 033 азаматқа түрлі қызмет көрсетілген. Кейбір орталықтарда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына бір айға дейін уақытша тұратын орын қарастырылған. Сонымен қатар 2025 жылы FSM Social мобильді қосымшасы іске қосылып, көмек көрсету процесі автоматтандырылды. Бұл жүйе қиын жағдайда қалған адамдарға жедел қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.