×

Отбасы құндылығының балаға әсері қандай? – Психолог

Отбасы құндылығының балаға әсері қандай? – Психолог

Отбасы – баланың тұлғалық қалыптасуындағы ең негізгі орта. Бала алғаш рет қарым-қатынас жасауды, жақсы мен жаманды ажыратуды, өз орнын табуды, жауапкершілікті сезінуді отбасында үйренеді. Сондықтан отбасы құндылықтарының балаға әсері өте зор. Бұл туралы Түркістан қаласындағы «Алаш» интеллектуалдық мектебінің психолог маманы Гүлнұр Бексейт айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Отбасында қиындықтар туындаған кезде бала бірінші кезекте өзін қауіпсіз және қолдаулы сезінгісі келеді. Мұндай жағдайда мектеп психологының басты міндеті – оқушыға эмоционалды қолдау көрсету, оны тыңдау, түсіну және өзін еркін жеткізуіне мүмкіндік беру. Психолог баламен жеке әңгімелесу, арт-терапия, ойын әдістерін қолдану арқылы ішкі уайымдарын жеңілдетуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, ата-анамен байланысып, баланың оқу үлгеріміне, мінез-құлқына әсер етіп отырған факторларды бірлесіп талқылайды. Ата-аналарға кеңес берерім – ең алдымен баланы тыңдай білу. Көп жағдайда ата-аналар баланың ойын, сезімін толық естімей, тек өз ойымен әрекет етеді. Ал балаға түсіністік, жылы сөз, мейірім қажет. Сенімді қарым-қатынасты орнату үшін ата-ана баланың пікірін сыйлап, бірге уақыт өткізіп, шағын жетістіктерін де бағалауы маңызды»,- дейді маман.

Оның сөзінше қазіргі балалардың психологиялық мәселелері әртүрлі факторға байланысты. Отбасы – басты тірек. Үйдегі түсініспеушілік, ата-ананың жиі жанжалдасуы, немқұрайлылығы бала психикасына тікелей әсер етеді. Бірақ сыртқы орта – құрдастар қысымы, әлеуметтік желі ықпалы, оқу жүктемесінің ауырлығы да әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан баланың ішкі әлеміне жан-жақты назар аударып, отбасы мен мектеп бірлесіп қолдау көрсетуі қажет.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
Бүгін, 17:00

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

Мемлекеттік тілдің мерейін көтерген бұл шара жалпыхалықтық мерекеге айналды
Облыстағы 284 елді мекеннің 158-і немесе 55,3%-ы газ жүйесіне қосылған
Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады
Екі күндік форум «Азаматтық секторды цифрландыру: Үкіметтік емес ұйым үшін трендтер мен мүмкіндіктер» тақырыбына арналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →