×

Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу – баршамыздың міндетіміз!

Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу – баршамыздың міндетіміз!

Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау» орталығында Түркістан қалалық полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторлары арнайы кездесу өткізіп, қызмет алушылар мен орталық мамандарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның салдары, алдын алу жолдары және азаматтардың құқықтық қорғалу тетіктері жайлы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасырын қалмауы үшін құқық қорғау органдарына уақтылы хабарлаудың маңызы түсіндірілді. Іс-шара барысында анонимді сауалнамаға QR код арқылы қатысу мүмкіндігі ұсынылды. Бұл сауалнама қоғамдағы отбасылық зорлық-зомбылықтың себептерін анықтап, тұрғындардың пікірін ескере отырып, оны алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған. Мұндай кездесулердің басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

Отбасы еліміздегі негізгі әлеуметтік институт. Қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту әрі дамыту бүгінде мемлекетіміздің өзекті бөлігіне айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «әр отбасы – еліміздің әл-ауқаты мен гүлденуінің негізі, сондықтан мемлекет отбасы институтына қолдау көрсетіп, оны жан-жақты жүргізетінін» айрықша атап өткен болатын. Осының өзі мемлекетіміздің отбасы құндылықтары мен институттарына терең мән беретінін көрсетеді. Бүгінде қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту жолында әр сала бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
FlyArystan Ининге (Құлжа) рейстерінің жиілігін арттырады
Бүгін, 11:43

FlyArystan Ининге (Құлжа) рейстерінің жиілігін арттырады

Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады
Екі күндік форум «Азаматтық секторды цифрландыру: Үкіметтік емес ұйым үшін трендтер мен мүмкіндіктер» тақырыбына арналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →