Белгілі журналист Серік Аббас-шах Алматыдағы Qazaq Stroy құрылыс компаниясының кеңсе интерьерін сынға алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның айтуынша, компания кеңсесінің безендірілуі ұлттық нақыштан гөрі кеңестік дәуірдің элементтерін еске салады.
«Мына фото Qazaq Stroy құрылыс компаниясының (Алматыдағы) бас кеңселерінің бірінде (Жұмалиев көшесі, 157) түсірілген. Бұлар өткенге қарап ұлып отырғысы келсе, атауын Qazaq Stroy емес, Ресей Stroy немесе Коммунистік Stroy деп атағаны дұрыс-ау шамасы», – деп жазды журналист.
Айта кетейік, жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaq Stroy компаниялар тобының құрылтайшысы Нұрлан Артықбаевпен кездесіп, құрылыс саласын дамыту және инфрақұрылымдық жобаларға жеке бизнестің қатысу мәселелерін талқылаған болатын.