×

Пітір садақаны кімге беру керек

Биыл пітір садақа мөлшері - 535 теңге

Пітір садақаны кімге беру керек
YouTube/ Ummet kz

Рамазан айында орындалуы тиіс құлшылықтардың бірі – ол пітір садақасы. 

85 грамм алтыны не сондай құнға ие байлығы бар адам бір жылда бір рет Ораза айт намазы оқылғанға дейін пітір садақаны беруге міндеттелген.

Ол – жаңа туылған сәбиден бастап қартқа дейін уәжіп етілген (беру міндетті емес, бірақ, берсе жақсы) садақа. Пітірді отағасы береді.

Пітір садақасының мәні – өмірге келіп, жер басып жүргені үшін беріледі. Сонымен бірге маңайындағы мұқтаж адамдарға "адамдық қасиетін" әйгілеп берілетін көмек.

Ең алдымен туыс-туғандардың ішіндегі жоқ-жітіктерге, жетім-жесірлерге және басқа да мұқтаждарға беріледі. Егер ондай туыс-туғаны болмаса, көрші-қолаң арасындағы мұқтаждарға беріледі. Міне бұл – әр адамның өз туыстары мен көршілері және дос-жарандары алдында жауапкершілігі бар екенін білдіретін адамгершілік амалы.

Биылғы пітір садақа мөлшері - 535 теңге

Дереккөз: Informburo

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңге беретін заңға қол қойды
Кеше, 21:00

Тоқаев ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңге беретін заңға қол қойды

Медицина қызметкерлері өздері барған елді мекенде бес жыл жұмыс істеуге міндетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →