×

Елдегі азық-түлік бағасы тағы қымбаттады

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 18,6%-ға өсті

Елдегі азық-түлік бағасы тағы қымбаттады
ашық дереккөзден

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,1%-ға, ал жылдық мәнде 18,6%-ға өсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады, - делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 28 наурыз/:
Айран 2,5% – 390 тг/л; Қырыққабат – 118 тг/кг; Сары май – 3602 тг/кг.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында Үкіметке инфляцияны кемінде екі есеге азайтуды тапсырған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →