×

70 мың доллардың шуынан кейін Ғабидолла Әбдірахымов үн қатты

Ол әлеуметтік желіге жаза қалдырды

70 мың доллардың шуынан кейін Ғабидолла Әбдірахымов үн қатты
коллаж: Qaz365.kz

Әнші, актриса Динара Әлжанның сұхбатынан кейін Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әлеуметтік желіге жазба қалдырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Шындық шырылдап жетемін дегенше,
Өтірік талай жерді өртейді”
, – деп жазды экс-әкім.

Көпшілік бұл Динара Әлжанның сұхбатына байланысты деп топшылап жатыр. Өйткені ол Youtube-тегі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасындағы сұхбат барысында Шымкенттегі тойлардың бірінде сол кезде қала әкімі болған Ғабидолла Әбдірахымовпен танысып, би билегенін айтқан. Өз кезегінде ол Динараға үй сатып алуға 70 мың доллар және 20 мың доллар тұратын Damiani сырғасын сыйлағанын айтқан.

“Жақсы адамның артынан сөз еретіні рас”, “Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды”, “Ол қыздың айтқаны кешігіп жеткен шындық па?”, “Әңгімені өртейсіз, Ғабеке”, “Бір апта өткен соң афоризм салмай, шындықты бірден неге айтпадыңыз”,- деген пікірлер бар.

Айта кетейік, бұған дейін Динара Әлжан өзін "полиция қызметкеріміз" деп таныстырған бәз біреудің қысым көрсеткенін мәлімдеген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →