×

Қайтарылмайтын билет: Қазақстандағы әуе компаниялары жолаушылардың құқығын шектей ме?

Қайтарылмайтын билет: Қазақстандағы әуе компаниялары жолаушылардың құқығын шектей ме?
Коллаж: ЖИ арқылы жасалды

Депутат Мұрат Әбенов соңғы жылдары Қазақстандағы авиация саласында туындаған мәселелер жайлы сөз сөйледі. Оның айтуынша, әуе компаниялардың қызмет сапасы мен билеттер бағасында көптеген олқылықтар бар, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Депутаттың сөзінше, әуе компаниялар көптеген билеттерді «қайтарылмайтын» етіп, азаматтардың құқығын шектейді. Билет бағасы қымбат және оны қайтару мүмкін емес, қызмет сапасының төмендігі де бар. 

«Бірнеше жыл бойы әуе қызметіне қатысты дау-дамайлар көбейді. Сапасына да қатысты, бағасына да қатысты. Өкінішке қарай, соңғы кезде баға қымбаттады. Қымбат бағаға сататын билеттің ақшасын қайтармайды. Әртүрлі айыппұл, қайтарылмайтын билеттерді өздеріне жасап алған. Соңғы кезде байқасаңыз, ананың ішінен түтін шықты, мынаның аккумуляторы отырып қалды және тағы басқа да кемшіліктерді көп айтады. Кешігеді, багаж жоғалады, тәртіп өрескел бұзылды», — деді депутат.

Мұрат Әбенов 2020 жылы қабылданған заңдар әуе саласын бақылауға кедергі келтіргенін атап өтті.

«Ал енді біз неге екенін байқасақ, 2020 жылы заңдардың бәрін өзгерткен. Жалпы авиация сызып тастаған, тексеруге болмайды, арыз-шағым түсіруге болмайды. Тексеруге болмайды. Осы уақытқа дейін азаматтық әуе комитетінің басшысы бізге шарсы шықты. Қайта-қайта БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп: «Бұл дұрыс емес. Қайтарылмайтын билеттерді қалдыру керек. Әуе компаниялары қиналатын болды» деді. Біз дәлелдедік. Айттық, болмады», — деді Әбенов.

Депутат көлік министрімен кездесіп, мәселені талқылағандарын айтты. Депутаттың сөзінше, Қазақстандағы әуе билеттерін қайтару жүйесі әділетсіз, билеттердің көп бөлігі қайтарылмайды, ал шетелде бұл тәжірибе азамат үшін әділ және түсінікті. Бізде заңдар әуе компанияларын бақылауға мүмкіндік бермейді, сол себепті жолаушылар өз құқығын толық пайдалана алмайды.

 «Нұрлан Сауранбаев ашық әңгімеге шақырды. Біз дәлелдеп көрсеттік. «Міне, шетелде қайтарымсыз, айыппұлмен билет ол арзан билет». Алдын ала сатып аласың. 100 доллар тұратын билетті саған 40-50 долларға сатады. Содан «Енді мұны қайтарсаң, айыппұл болады» дейді. Сонда мен келісемін: «Мен мынаны 40 долларға сатып аламын, қайтарсам айыппұл төлеймін. 100 долларға сатып алсам, қайтсең де сол баға болады». Бізде қалай болады? Ана заңға жазды да, қазір бізде бір әуе компаниясының 80 пайыз билетті қайтарымсыз. Бірақ өзінің ресми бағасы — 45 200 теңге. Ал бізге 40 мыңға сатады. Бірақ «қайтарылмайтын» билет деп атайды», — деді депутат.

Депутат бұл мәселені шешу үшін заңнаманы қайта қарауды және азаматтардың құқықтарын қорғауды ұсынады.

Еске сала кетсек, Мұрат Әбенов бұған дейін қыз алып қашып, зорлық көрсеткендерді 15 жылға соттауды ұсынды

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →