Жеке кәсіпкер Гүлбану Түзелбайқызы «тартысқа түскен асхана ісімен алысып келемін» деп арызын айтты
Алматы облысында 2 бірдей білім ордасындағы асхана тартысқа түсіп жатыр. Оған себеп асхананы 5 жылға жуық жалға алып келген бұрынғы кәсіпкер басқа адамға орынды босатқысы келмейді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Жеке кәсіпкер Гүлбану Түзелбайқызы «тартысқа түскен асхана ісімен алысып келемін» деп арызын айтты. Оның айтуынша, Іргелі мектебінің асханасын тендерге қатысып, талапқа сай ұтып алыпты. Алайда бұрынғы иесі оны босатудын бас тартқан.
«Бүкіл ауданнан келген адамдар осы мәселемен Іргелі мен Абай ауылында жүр. Қилыбаева Қазақстан бойынша НЗМ мектептерінің асханасымен жұмыс жасайды, одан басқа мектептері бар», – деді жеке кәсіпкер Гүлбану Есенбаева
«Мен басқарып отырған білім ордасында 2 кәсіпкер асханаға таласып жатыр. Қилыбаева бұл мектепте 5 жылдан астам жұмыс істеп келді. Ол кісілердің 2022 жылдың 31 наурызда келісімшарты аяқталған болатын», – деді Л.Н. Толстой атындағы орта мектеп директоры Гүлмира Райсбекова.
Ал Толстой атындағы орта мектепке арнайы келген комиссия мүшелері кәсіпкерге алдын ала ескерту жасап, анықтама жолдағанын айтады. Десе де дау шыққан мектептегі дәмхана басшысы, білім бөліміне бағынар емес.
«2022 жылдың 30 наурызда Білім басқармасында байқау жарияланған болатын. Соның негізінде Есенбаева конкурсты ұтып алды. Ал Қилыбаева асхананы босатуы керек. 1 наурыздан бастап Есенбаева қызметіне кірісуі керек болатын. Полиция қызметкерлерін шақыруға мәжбүр болдық», – деді Қарасай ауданы білім бөлімінің заңгері Айдар Серғазин.
Бұл – Абай ауылындағы асханасы таласқа түскен тағы бір мектеп. Мұнда да мемлекеттік бағдарламамен байқауға түскен кәсіпкер жұмысын бастай алмай отыр.
«Шықпаймыз сотқа береміз» деп отыр. Біздің бұл жерде кәніміз жоқ қой. Байқау жарияланды, қатыстық. Бұл жерге 20 миллион теңге салып отырмын. Қажетті заттарды алу керек», – деді жеке кәсіпкер Меруерт Тұрғанбаева.
Ал 2 бірдей кәсіпкер шағым айтса да, асхананы дәл қазір босатпаймыз деген жалға алушы тарап қарсы арыз жазатынын жеткізді. Сонымен қатар 5 жыл бойы 10-нан аса адамға жұмыс беріп отырмыз деп ақталды.
«Бірнеше тиісті мекемеге 2 мектептің ісі бойынша шағым жазып, жіберіп қойдық. Дәлелдейтін құжат бар, бәрін жібердік», – деді заңгер Салтанат Лесбаева.
Қарасай ауданының білім бөлімінің заңгері бұл мекемедегі кәсіп иесінің өкіліне де ескерту жасап, орынды босатуды сұрады. Алайда дау одан ары өрши түсті. Ортақ шешімге келмеді.
«Негізі асханадағы пештің бәрін Қилыбаева Гүлнар Құттыбаева әкеліп орнатқан болатын. Түгел бәрін көшіріп алып кетеміз. Оның бәріне уақыт керек», – деді асхана әкімшісі Айсұлу Әмірстанова.
2 асхананы да жалға алып келген кәсіп иесінің өзі білім ордасында бой көрсетпеді. Білім бөлімінің табыстаған анықтамасын мұндағылар алудан бас тартты. Сондықтан істің соңы сотқа дейін баруы мүмкін.
Әлібек Шынтемір, Ернат Болатбек, «Алматы» телеарнасы