×

25 қаржы пирамидасы жойылып, жәбірленушілердің 8,3 миллиард теңге шығыны өтелді

Қаржылық пирамидалармен күрес аясында заңсыз мазмұндағы 8,8 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталған

25 қаржы пирамидасы жойылып, жәбірленушілердің 8,3 миллиард теңге шығыны өтелді
elements.envato.com

Елімізде 25 қаржы пирамидасы жойылып, жәбірленушілердің 8,3 миллиард теңге шығыны өтелді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың Мемлекет басшысына жасаған баяндамасында айтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Мемлекет басшысына қылмыстық істерді жаппай қозғау тәжірибесінің жойылғаны және адал бизнесті қылмыстық қудалаудың азайғаны жөнінде баяндалды. Соның нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарының саны жыл сайын азайып келе жатқаны байқалады. Атап айтқанда, өткен жылмен салыстырғанда тіркелген істер саны 30 пайызға төмендеген.

Жанат Элимановтың айтуынша, қабылданған шаралар келтірілген шығындарды өтеуге, 300 миллиард теңгеден астам активті қайтаруға мүмкіндік берген. Жиырма бес ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесіліп, ақшаны қолма-қол шығарумен айналысатын 119 топтың қызметіне тосқауыл қойылған.

“Қаржылық пирамидалармен күрес аясында заңсыз мазмұндағы 8,8 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталды.Сонымен қатар қаржылық барлау қызметі есірткі сататын 15 интернет-дүкенді әшкереледі. Олардың жалпы сауда айналымы 4,4 миллиард теңгені құрайды және 27 мыңнан аса азаматты қамтып отыр. Бұл материалдар Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік қызметіне жолданды”, – деп есеп берді Жанат Элиманов.

Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында қаржылық барлау қызметі есірткі сататын 15 интернет-дүкенді әшкерелеген. Олардың жалпы сауда айналымы 4,4 миллиард теңгені құрайды және 27 мыңнан аса азаматты қамтыған. Бұл материалдар Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік қызметіне жолданды. Цифрлық активтерді пайдалана отырып, қылмыстық жолмен тапқан кірісті жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес аясында Агенттік Binance ірі халықаралық криптобиржасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.

Сонымен қатар Президентке  Қазақстанның «қаржыны жылыстатуға қарсы күрес» ұлттық жүйесі  ФАТФ талаптарына сәйкестігі бойынша Өзара бағалаудан өтіп жатқаны жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы қаржы пирамидалары мен алаяқтық әрекеттердің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ Агенттіктің өз ішінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуді тапсырды.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →