×

Жаңа мүмкіндіктер мекені: «Шығыс шақырады» жобасы қоныстанушыларды қабылдайды

Бағдарлама төрт негізгі бағыт бойынша іске асырылады

Жаңа мүмкіндіктер мекені: «Шығыс шақырады» жобасы қоныстанушыларды қабылдайды
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстанда тұрғындарды қолдауға және өңірдің демографиялық әлеуетін нығайтуға бағытталған жаңа бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі – «Шығыс шақырады» өңірлік жобасы. Бағдарлама еліміздің бірқатар өңірлерінен қоныс аударуға ниетті азаматтарға жаңа мүмкіндік ұсынып, еңбек етуге, білім алуға және баспаналы болуға жол ашады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгінде көші-қон сальдосы өңір үшін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстан төрт мың адам көшіп кеткен. Осыған байланысты аймаққа жаңа тұрғындарды тарту жұмыстары күшейтілді. Бағдарлама аясында Алматы, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан, Жетісу өңірінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан қоныс аударушыларды қабылдау жоспарланған.

Былтыр өңірге барлығы 800-ге жуық адам қоныс аударды. Оның ішінде екі жүзден аса – қандас, ал 600-ге жуығы елдің басқа өңірлерінен көшіп келгендер. Келгендердің арасында жоғары білімі бар 82 адам, орта арнаулы білімі бар 110 адам бар. Үш жүзден аса еңбекке қабілетті азаматтың 195-і жұмыспен қамтылды.

Қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетіліп келеді. Өткен жылы бұл мақсатқа 496 млн теңге бөлінді. Атап айтқанда, 181 отбасыға көшуге арналған субсидия беріліп, оған 173 млн теңге жұмсалды. 60 отбасыға тұрғын үйді жалға алу шығындарын өтеу үшін 18 млн теңге бөлінді. Ал 72 отбасыға баспана сатып алу үшін экономикалық мобильдік сертификаттары беріліп, жалпы сомасы 276 млн теңгені құрады.

«Шығыс шақырады» жобасы қоныс аударушыларды ынталандырудың жаңа тетіктерін де қамтиды. Бағдарлама төрт негізгі бағыт бойынша іске асырылады. Біріншісі – бизнес бастамаларды жүзеге асыруға 2,9 млн теңгеге дейін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру. Екіншісі – ауылдық елді мекендердің мектеп түлектеріне колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алу үшін білім гранттарын ұсыну. Үшіншісі – «Отбасы банкі» арқылы жылдық мөлшерлемесі 5 пайыз болатын, 20 млн теңгеге дейін жеңілдетілген тұрғын үй несиесін беру. Төртінші бағыт – жергілікті кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бос тұрған үйлерді жөндеп, қоныс аударушыларға қоныстануға дайындау.

Жоба аясында тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстары да белсенді жүргізіліп келеді. Өңірде өмір сүру мен еңбек ету мүмкіндіктері туралы түсіндіру шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.

2026 жылы облысқа 600 адамды көшіру жоспарланып отыр. Оның ішінде 200 қандас пен 400 қоныс аударушы бар. Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – процестерді цифрландыру. Қоныс аударушыларды сүйемелдеу жұмыстары FSMSocial мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі. Бұл жүйеде келген азаматтардың деректері енгізіліп, көрсетілген қызметтер бойынша фото және бейнеесептер тіркеледі. Әрбір отбасының қажеттілігі жеке анықталып, жұмысқа орналасу, әлеуметтік төлемдер алу, тұрғын үй мәселесін шешу секілді бағыттарда жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Осылайша «Шығыс шақырады» жобасы жаңа өмір бастауға ниетті азаматтар үшін тек көшу бағдарламасы ғана емес, тұрақты жұмысқа, білімге және өз ісін дамытуға жол ашатын нақты мүмкіндікке айналып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу жұртшылығы Көрісу күні – Амал мерекесін атап өтті
Бүгін, 13:36

Жетісу жұртшылығы Көрісу күні – Амал мерекесін атап өтті

Түрлі этнос өкілдері өзара қазақтың «көрісу» дәстүрімен құшақ айқастырып, бір-біріне ақ тілектерін айтты
Қатысушылар ұлттық дәстүрге сай бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін арнады
Ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар көрісу дәстүрін орындап, ақ баталарын берді
Жобаны әзірлеушілер жаңа алаңның мүмкіндіктерін көрсетіп, инновациялық жобаларды таныстырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →