×

Мың айдан да қайырлы Қадір түнін қалай өткізу керек?

Мың айдан да қайырлы Қадір түнін қалай өткізу керек?
shutterstock

Қазақстанда биыл қасиетті Қадір түні 16-нан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ислам дінінің сенімі бойынша, дәл осы түні Жәбірейіл періште жерге түсіп, Мұхаммед пайғамбарға Құранның алғашқы аяттары түсірілген. Мүміндер бұл түнді құлшылықпен өткізіп, өткен күнәлары үшін кешірім тілейді. ҚМДБ мәліметінше, Қадір түнін шынайы ниетпен өткізген адам 1000 ай құлшылық еткендей сауап алып, алдыңғы қателіктері кешіріледі.

Бұл түні мұсылмандарға Құран оқу, қосымша намаздар орындау, дұға жасау, сондай-ақ мұқтаж жандарға көмектесіп, ізгі істер істеу ұсынылады. Ел мешіттерінде ұжымдық құлшылықтар, түнгі намаздар мен рухани уағыздар айтылады. Сондай-ақ, бұл түннің алдында өкпе-реніштерді кешіріп, айналадағы жандардан кешірім сұрау маңызды болып саналады.

Қадір түні күн батқаннан бастап таң атқанша жалғасады. Биыл Қазақстанда Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 29 күнге созылады. Ораза айт мерекесі 20 наурыз күні атап өтіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Түрлі этнос өкілдері өзара қазақтың «көрісу» дәстүрімен құшақ айқастырып, бір-біріне ақ тілектерін айтты
Қатысушылар ұлттық дәстүрге сай бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін арнады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →