×

Алматы ауасының ластану себептері белгілі болды

Алматы ауасының ластану себептері белгілі болды
krisha.kz

Халықаралық ғалымдар тобы Алматы ауасындағы PM 2.5 бөлшектерінің химиялық құрамын ашып, қала смогының негізгі көздерін нақтылады. Almaty Air Initiative қорының мәліметінше, ластанудың 54%-ы ЖЭО шығарындыларына, жеке секторды жылытуға және атмосферада түзілетін екінші реттік аэрозольдерге тиесілі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2022 жылдың тамызынан 2023 жылдың шілдесіне дейін жүргізілген зерттеу нәтижесінде ауа құрамынан қорғасын мен алюминий сияқты ауыр металдар анықталған. Мамандардың айтуынша, ластанудың 34%-ы көмір мен биомассаны жағудан (18%-ы ЖЭО, 16%-ы жеке сектор) пайда болса, тағы 32%-ы жол шаңының үлесінде. Сонымен қатар көліктердің пайдаланылған газдары жалпы ластанудың 14%-ын құрайды. Ғалымдар Алматының тау бөктеріндегі қазандық шұңқырда орналасуы зиянды заттардың таралуына кедергі келтіріп, олардың улылығын арттыратынын атап өтті.

Зерттеу нысаны ретінде қаланың жоғарғы бөлігіндегі ҚазҰУ аумағы таңдалған. Тіпті өндірістік аймақтардан алыс орналасқан бұл ауданда көмір түтінінің әсері жоғары болып шыққан. Almaty Air Initiative қорының басшысы Жұлдыз Сәулебекова бұл жағдайдың балалардың миының дамуына және жүйке ауруларының өршуіне тікелей әсер ететінін айтып, дабыл қақты. Сарапшылар ЖЭО-ны тез арада газға көшіруді, көмір сатуға тыйым салуды және қоғамдық көлікті дамытуды ұсынып отыр.

Анықтама ретінде айта кетсек, PM 2.5 — бұл диаметрі 2,5 микроннан аспайтын, адам ағзасына ең терең енетін өте майда бөлшектер. Олар өкпе мен қан айналымы жүйесіне өтіп, созылмалы аурулар тудырады. Алматы үшін PM 2.5 деңгейінің жылдық мақсатын 25 мкг/м³ деңгейінде белгілеу және мониторинг желісін кеңейту маңызды қадам ретінде қарастырылуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →