×

Астанада өрттен үш адамды құтқарып қалған өрт сөндіруші комада жатыр

Асқар бүгінгі күннің батыры

Астанада өрттен үш адамды құтқарып қалған өрт сөндіруші комада жатыр
vse42.ru

Астанада өрттен үш адамды құтқарып қалған өрт сөндіруші комада жатыр, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы әлеуметтік желіде алғаш Батыржан Ибрагим есімді азамат мәлім еткен.

Денесінің 80% пайызын күйік шалған екен. Қазір жағдайы өте ауыр. Батыр жігіттің есімі Асқар. Өрт сөндіру қызметінде жұмыс істейді. Үйінде келіншегі мен екі кішкентай балапандары барша қазақ елінен тек дұға етіңіздерші деп сұрап отыр”, – дейді жазба авторы.

Оның сөзінше, өрт сөндіруші өртке оранған пәтерге жоғарғы қабаттан кіру үшін қорғаныш киімін шешіп, тек дем алу аппаратын ғана алған. Үйден 80 жастағы әжені, 22 жастағы немересін және көрші пәтерде балконға тығылып қалған 10 жасар баланы өрттен аман алып қалған.

“Асқар бүгінгі күннің батыры! Алладан амандығын сұрайықшы. Қазір келіншегінің қолында Асқардың сағаты ғана қалды. Асқардың өмір сағаты тоқтамасын деп тілейікші”, – деп жазды Батыржан Ибрагим.

Айта кетейік, кеше Астанадағы Момышұлы даңғылы, 14 мекенжайындағы пәтердің отқа оранды.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жалынды сөндіруге 26 адам және 6 техникасы жұмылдырылғанын мәлім еткен. Апаттан 5 адам, оның ішінде бір бала құтқарылып, 10 адам эвакуацияланды. Көміртегі тотығымен уланған үш адам, оның ішінде бір бала ауруханаға жеткізілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Райымбек ауданындағы жол мәселесі: Әкім уәдесі
Бүгін, 14:33

Райымбек ауданындағы жол мәселесі: Әкім уәдесі

Жобаға бюджеттен 7,5-8 миллиард теңге бөлінген
Ғимараттың қасбетіне өз бетімен кондиционер орнату – заң бұзушылық
Қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары 1966 жылы пайдалануға берілген, 90 пайызы ескірген
Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Ерлан Қожағапановты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп танып, оны 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →