×

Рекорд жаңартты: Алматыда хирургтар 62 жастағы пациенттің өт қабынан 1730-дан астам тас алды

Пациенттің айтуынша, бұрын тексеруден өтпеген

Рекорд жаңартты: Алматыда хирургтар 62 жастағы пациенттің өт қабынан 1730-дан астам тас алды
коллаж Qaz365.kz

Алматыда хирургтар 62 жастағы пациенттің өт қабынан 1730-дан астам тас алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Пациент Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл түрде оң жақ қабырға астының ауырсыну белгілері, жүрек айну, құсу, ауыздың құрғап кету шағымдармен түскен.

Пациенттің айтуынша, бұрын тексеруден өтпеген. №7 ҚКА жағдайында жан-жақты тексерулерден өткізгеннен кейін бірден диагноз қойылған: Өттегі тас ауруы. Жіті калькулозды холецистит.

Келесі күні алдын ала жүргізілген дайындықтан кейін, жалпы анестезиямен, заманауи  аз инвазивті технология  бойынша –  «Лапароскопиялық холецистэктомия» операциясы жасалды. 
 

«Өт қабын алып тастағаннан кейін диаметрі бірнеше мм-ден 1,5 см-ге дейінгі 1735 конкремент алынды», – деп хабарлады №7 ҚКА-ның баспасөз қызметі.


«Бұл операция менің рекордымды жаңартты - бұл жолы 1730-дан астам тас табылды, бұл тек өт қабында. Денсаулықты сақтау және өт-тас ауруларына байланысты асқынулардың алдын алу үшін профилактикалық және скринингтік тексерулерден уақытылы өтуге кеңес беремін. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!» - деді операциялық топтың жетекші хирургы, профессор Мұса Меңдібайұлы Сахипов.

Операция сәтті жасалды, операциядан кейінгі 4-ші күні пациент жай-күйі қанағаттанарлық жағдайда үйіне шықты, амбулаториялық бақылауға алынды, делінген хабарламада. 
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
DISNEY туындылары қазақ тілінде көрсетіледі
10.05.2024ж. 18:47

DISNEY туындылары қазақ тілінде көрсетіледі

«Ойжұмбақ 2», «Моана 2» және «Муфаса: Арыстан патша» фильмдерін қазақ тілінде тамашалауға болады
Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Аймақ басшысы өз борышын өтеуге енді келген жас сарбаздармен тілдесті
Оқушы қызықты тәсіл ұсынып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →