×

Нұртай Сабильянов 56 пайызбен несие беріп жатқан банктерді сынға алды

Оның айтуынша, тұтынушылық несие алған адамдардың саны елімізде 6 миллион 900 мыңға жеткен

Нұртай Сабильянов 56 пайызбен несие беріп жатқан банктерді сынға алды
ашық дереккөзден

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұртай Сабильянов елдегі тұтынушылық несиенің көлемі өсіп жатқанын айтып, дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz

“2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұтынушылық несие алған адамдардың саны елімізде 6 миллион 900 мыңға жетіпті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 25,3 пайызға ұлғайған. Қазіргі кезде оның көлемі 7 триллион 700 миллиард теңгені құрап отыр. Бұл халықтың мұқтаждығынан туындады. Несиенің өзі 56 пайыз жылдық мөлшермен беріліп жатыр”, - деді Нұртай Сабильянов.

Ол қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымовадан алдағы уақытта тұтынушылық кредиттің көлемін азайтып, ол қаражатты нақты экномикаға жіберу үшін қандай жұмыс атқаратынын сұрады. 

“Тұтынушылық кредиттің тым өсуін шектеу үшін бүгінгі таңда шаралар қабылданып жатыр. Соның ішінде банктер мен микроқаржы ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейту керек. Біз былтыр банктер мен микроқаржы ұйымдарының капиталдарына талаптарды күшейттік. Банктер бойынша тәуекел саралау коэффиценті 150 пайыздан 100 пайызға дейін өссе, микроқаржы бойынша капиталға қойылатын талап 5 есеге ұлғайды.Одан басқа проблемалық кредиттердің өсуіне жол бермеу үшін микроқаржы ұйымдарында оның үлесі 20 пайыздан аспауы керек. Ал асқан жағайда лицензиясын қайтарып аламыз”, –  дейді Мәдина Әбілқасымова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мұны мен мистика деп атаймын»: Базарбек мемлекеттік органдардың есебіне күмәнданатынын ашық айтты
Бүгін, 20:30

«Мұны мен мистика деп атаймын»: Базарбек мемлекеттік органдардың есебіне күмәнданатынын ашық айтты

 Ұлттық қорға қаражат аударатын мұнай компанияларының саны 8,5 есе азайған
Әзілкеш құны 50 млн тұратын талон сатқан
Жобаға бюджеттен 7,5-8 миллиард теңге бөлінген
Ғимараттың қасбетіне өз бетімен кондиционер орнату – заң бұзушылық

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →