×

Қайталанатын IMEI кодтардың кесірінен мемлекет бюджетіне 100 млрд теңге түспей қалған

Елімізде IMEI код қайталанатын 3,7 миллион абонент бар

Қайталанатын IMEI кодтардың кесірінен мемлекет бюджетіне 100 млрд теңге түспей қалған
androidinsider.ru

Қайталанатын абоненттердің салдарынан ел бюджетіне ауқымды көлемде алым-салық төленбей отыр. Бұл жайында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Цифрландыруды дамытудың жаңа жағдайында ұялы байланыс - коммуникация құралы ғана емес, сонымен қатар жеке деректерді, қаражатты, банк карталарын сақтауға арналған платформа. Сондай-ақ, гаджеттің көмегімен онлайн режимде кредит, микроқарыз ресімдеуге және түрлі мемлекеттік қызметті алуға болады. Осы орайда елге ұялы телефондарды, соның ішінде IMEI қайталанатын кодтарын әкелудің «сұр» схемасы жөнінде айта кеткен жөн», - деді Бағдат Мусин Үкімет отырысында баяндама жасап.

Министрдің мәліметінше, қазір елімізде ұялы компаниялар желісінің сәйкестендіру кодтарының дерекқорында (IMEI код) қайталанатын 3,7 миллион абонент бар.

«Қайталанатын абоненттердің болуынан мемлекет бюджетіне салық пен алым түрінде шамамен 100 млрд теңге түспей қалған. Сонымен қатар қайталанатын IMEI кодтар құқық қорғау органдарына ұрланған ұялы телефондарды іздеу және оларды бұғаттау бойынша жедел жұмыс жүргізуге мүмкіндік бермей отыр», - дейді ол.

Б. Мусиннің айтуынша, министрлік «IMEI кодтар дерекқорын» кеден қызметінің жүйесімен интеграциялауды және абоненттерді тіркеу кезінде биометрияны қолдануды жоспарлап отыр.

«Қазірдің өзінде Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ұрланған телефондардың IMEI кодтарын тексеруге болады», - дейді ведомство басшысы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында биыл 7 медициналық ұйымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі
17.05.2024ж. 17:28

Түркістан облысында биыл 7 медициналық ұйымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Техникалық қадағалаушы анықталған соң, жұмыс кестесі бекітіледі
Салынып жатқан үйлердің құрлысы тамыз айында аяқталады деп жоспарланған
Облыс аумағындағы дәрігерлерге деген тапшылықты жою мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →