×

Алаш арыстарының көзсіз бейнесі салынған киімдер дау тудырды

Мұндай әрекеттер – ұлт қаймақтарына деген құрметсіздік – ҚМДБ өкілі

Алаш арыстарының көзсіз бейнесі салынған киімдер дау тудырды
Qulan.kz

Әлеуметтік желілерде Алаш арыстарының бейнесі салынған киімдерге қатысты даулы жазбалар жарияланған соң, оған қатысты ҚМДБ өкілі пікір білдірді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі .

Киімдерге салынған суреттерде Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Мағжан, Жүсіпбек секілді тұлғалардың көзі жасырылған. Осыған байланысты қоғамда наразылық туындауда. 

“Мұндай киімдер жеке кәсіпкерлердің сату мақсатында жасап жатқан дүниелері болуы мүмкін.Алайда ұлт қайраткерлерін бұлай мансұқтауға болмайды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алаш арыстарының көзі жасырылған киімдерді шығарып, сатудың дұрыс емес екенін мәлімдейді. Шариғатта тірі жанның көзін салмай, бейнесін ғана салуға болады деген пәтуа жоқ. Мүфтият бұған қатысты пәтуа шығарған емес. Арыстарымызды бұлай “дәріптеуге” жол берілмеуі тиіс. Ел үшін жанын пида еткен Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Мағжан, Жүсіпбек секілді қайраткерлеріміздің асыл бейнелерін қорлауға болмайды. Мұндай әрекеттер – ұлт қаймақтарына деген құрметсіздік. Қазіргі уақытта адамдардың, жануарлардың, басқа да тіршілік иелерінің суреті салынған киімдер шығып жатыр. Асыл дініміз мұндай киімдерді шығаруға қарсылық білдірмейді. Алайда тірі жанның суреті салынған киіммен намаз оқымаған абзал. Мұндай киіммен намаз оқу – мәкруһ. Ал осы мәселеге қатысты сұхбат берген ҚМДБ Төраға орынбасары, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлының сөзін кесіп, тек бір жақты бағытта пікір таратып, қоғамда екіұдай көзқарас тудыру дұрыс емес”, – деді ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →