×

Денсаулық сақтау министрі МӘМС қаражатын азаматтарға қайтару жайлы пікір білдірді

Ол МӘМС жүйесі халықтың жағдайын жақсартуға оң әсер еткенін айтты

Денсаулық сақтау министрі МӘМС қаражатын азаматтарға қайтару жайлы пікір білдірді
ашық дереккөзден

Ажар Ғиният қазақстандықтарға МӘМС жарналарының 50% қайтару ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бүгінде бұның барлығы заңнамалық тұрғыдан анықталған, бекітілген. Ақша қайтарылмайды. Биыл бұл адам ауырып-сырқамаса, онда жылына орта есеппен түсетін 100 мың теңгенің 50 мың теңгесін оған қайтару қарастырылмаған. Себебі келер жылы оған 1 млн теңгенің медициналық көмегі қажет болатын шығар... Сондықтан бұл көмек барлығына бірдей қол жетімді болуы үшін қаражат қайтарылмайды», - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап бере отырып.

Ол сондай-ақ МӘМС жүйесі халықтың жағдайын жақсартуға оң әсер еткенін атап өтті.

«Мысалы, коронарографияны, миокард инфарктісі кезіндегі жіті коронарлық синдром дертін алайық – оны емдеу құны 1,2 - 1,5 млн теңге. Сондықтан бұл жүйе бастапқыда «дені сау адамдар науқастар үшін, байлар кедейлер үшін төлейтін ынтымақты жүйе» ретінде құрылған, - деп түсіндірді Ажар Ғиният.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →