×

Мақтааралдағы төбелес: депутатты достарымен қасақана көлікпен қаққан

Мәселенің мән-жайы анықталуда

Мақтааралдағы төбелес: депутатты достарымен қасақана көлікпен қаққан
Видеодан кадр

Шымкенттік блогер Олжас Мамыр әлеуметтік желіге жариялаған мына оқиға Болливудтың киноларына бергісіз, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ВИДЕО: t.me/qaz365kz

Достарымен кешкі серуенге шыққан Мақтаарал ауданының мәслихат депутаты Тимур Адамбеков мәслихат ғимаратының алдында бір жігітпен сөзге келіп қалған.

Депутаттың жанындағы серігі жұдырығын көтеріп, ұрып жіберсе, таяқ жеген жігіт көп ұзамай көлігімен келіп, үшеуін де қағып өткен.

«Құрметті Алтынсары аға! Сізден өтінеміз – Тимур мырзаның ерсі қылығын ескерсеңіздер. «Аманат» партиясынан халық қалаулысы болған бұл депутатқа шара қолданылса екен», - деген видео авторы өз өтінішін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Умбиталиевке жолдаған.

Мәселенің мән-жайы анықталуда.

Qaz365.kz редакциясы бұл оқиғаны назарында ұстайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →