×

Павлодарда балаларды сырттай бақылаған ер адам қолға түсті

Оның жеке басы анықталды

Павлодарда балаларды сырттай бақылаған ер адам қолға түсті
pavlodarnews.kz

Павлодарда балаларды сырттай бақылаған ер адам қолға түсті, оның әрекеті қала тұрғындарының ашуын туғызды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған фотодан ер адамның "біртүрлі киінгенін" әрі мектептің сыртқы қоршауынан ішке телміріп қарап тұрғанын көруге болады.

"Бүгін сағат 16:35-те бейтаныс ер адам Павлодар қаласы №43 мектептің қоршауынан балаларды бақылап тұрды. Полицияға 5 рет қоңырау шалып, хабарласа алмадық. Барлық оператор бос болмады. Ата-аналар сақ болыңыздар", - делінген жазбада.

Осы жайтқа қатысты қалалық полиция бөлімі түсінік берді.

"Сағат 17:45 шамасында Павлодар қаласының ПІБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері № 43 ЖОББМ жанында 1970 жылы туған ер адамды ұстады. Ол облыс орталығында тұрады. Оның жеке басы анықталды. Ер адам полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді", - делінген жазбада.

Полицейлер жасы 50-ден асқан адамның әңгіме барысында өзін дұрыс ұстамағанын айтты. Осыдан кейін олар №7 бригаданы шақырып, ер адамды ауруханаға жатқызған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →