×

Жаңаөзенде тағы бір компания қызметкерлері үндеу жолдады

Бұған дейін желіде жұмысшылардың видео хабарламасы тараған болатын

Жаңаөзенде тағы бір компания қызметкерлері үндеу жолдады

Жаңаөзендегі тағы бір компанияның жұмысшылары өздерін «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) құрамына қосуды талап етіп, алаңға шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz

КазТАГ агенттігінің жазуынша, 27 мамырда Жаңаөзен қаласында «TestCom Caspian» ЖШС-нің 30-ға жуық қызметкері «ӨзенМұнайГаз» АҚ ұжымына ауыстыруды талап еткен видео хабарлама жолдаған. 

«Жұмысшылар «Өзенмұнайгаз» ауысуды талап етті, бірақ бұл бекітілген алгоритмге сәйкес реттеледі. Компания басшылығы қойылған талаптың қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келмейтіні және оған қайшы келетіні туралы түсініктеме берді», - деп түсіндірді  Маңғыстау облысы әкімдігі TestCom Caspian баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түсіндіру жұмыстарына «Жаңаөзен қалалық әкімшілігі мен прокуратураның өкілдері қатысқан.

«Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде қызметкерлер уәждермен келісіп, жұмыс процесін тоқтатпауға уәде берді», - деп сендірді компания.

Бұған дейін желіде жұмысшылардың видео хабарламасы тараған болатын. Бейнежазбада жұмысшылардың бірі TestCom Caspian компаниясы бұрын берген кейбір уәделерін орындамады деп айыптаған болатын. Сонымен қатар, жұмысшылар өздерін қудаламауды сұрап, сондай-ақ нысанға комиссия жіберуді талап етті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →