Жобаның қандай артықшылықтары бар, елімізде ондай қанша мектеп салынады?!
2023-2025 жылдары елімізде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы шеңберінде 401 жайлы мектеп салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі бүгінгі Үкімет отырысына сілтеме жасап.
Жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2,6 трлн теңге бөлінеді.
“Өңір әкімдері жыл соңына дейін жер учаскелерін бөліп, инженерлік коммуникацияларды жүргізу мәселесін мұқият ойластыруы қажет. Жобаны іске асыру балалардың жақсы білім алуы үшін қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді”, – деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов.
Аталған жоба мектептердегі орын тапшылығын болдырмауға, апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге бағытталып отыр.
Жайлы мектептердің басты айырмашылығы – олар бірыңғай стандарттар бойынша жобаланады: