×

«Үйіңізде су бар ма»: Журналистер Астана әкімі болған Көлгіновке сұрақ жаудырды

Көлгінов алдымен сұрақты қала әкімдігіне бағыттауды өтінген

«Үйіңізде су бар ма»: Журналистер Астана әкімі болған Көлгіновке сұрақ жаудырды
orda.kz

Астана қаласының экс-әкімі әрі қазіргі премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов бүгін журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Көлгінов алдымен сұрақты қала әкімдігіне бағыттауды өтінген. Алайда сауалдың көбі өзіне қойылды.

«Астанадағы су тапшылығына шенеуніктерден кім жауап беруі керек. Кешіріңіз, бірақ қазір астаналықтар туалетке кезекпен барып жүр, олар жуына алмайды. Себебі, су жоқ. Дала ыстық», –  деді журналистер.

Бұл сұраққа жауап берген Көлгінов қалада халықтың саны тез өсіп жатқанын айтады. 

«Мен Астананың әкімі ретінде 3,5 жыл жұмыс істедім. Осы уақытта шамамен 350 мың адам елордаға көшіп келді. Түсінесіз бе? Халықтың саны тез өсіп жатыр: миграция және демография есебінен. Осыны ескеріп, (осындай) мәселе болатынын білдік. 2020 жылы сорғы-сүзгі станциясын салдық. Қазір жоба аяқталған. Су болады. Сондықтан осы жобаны тез аяқтау керек. Әкімдік маусымда аяқтаймыз деп жоспарлап отыр. Тәулігіне 35 мың куб су беріледі», –  дейді ол.

Журналистер «сіздің үйіңізде су бар ма?» деп сұрады.

«Астанадағы кейбір жерлерде су тапшылығы бар. Мен тұрған үйде су бар. Алматы ауданындағы көпқабатты үйде тұрамын», –  дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Райымбек ауданындағы жол мәселесі: Әкім уәдесі
Бүгін, 14:33

Райымбек ауданындағы жол мәселесі: Әкім уәдесі

Жобаға бюджеттен 7,5-8 миллиард теңге бөлінген
Ғимараттың қасбетіне өз бетімен кондиционер орнату – заң бұзушылық
Қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары 1966 жылы пайдалануға берілген, 90 пайызы ескірген
Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Ерлан Қожағапановты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп танып, оны 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →