×

Биыл Қазақстанға қанша қандас оралды

Жартысынан астамы Өзбекстаннан келген

Биыл Қазақстанға қанша қандас оралды
inbusiness.kz

2023 жылдың басынан бері 8 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, 8 034 этникалық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 115,1 мың этникалық қазақ оралды.

"Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (54,2 пайыз) Өзбекстаннан, 20,1 пайыз – Қытайдан, 11 пайыз – Ресейден, 6,4 пайыз – Моңғолиядан, 4,9 пайыз – Түрікменстаннан және 3,3 пайыз басқа елдерден.

Елімізге келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,8 пайыз), Маңғыстау (12,8 пайыз), Түркістан (6,4 пайыз) және Жамбыл (4,8 пайыз) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,7 пайыз), Алматы (8,8 пайыз) және Шымкент (7,1 пайыз) қалаларына қоныстанды", - делінген хабарламада.

1 маусымдағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 67,5 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші 23,8 пайыз және зейнеткерлер 8,7 пайыз болады.

"Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,3 пайызы жоғары білімді, 37 пайызы орта кәсіби білімді, 38,4 пайызы жалпы орта білімді және 7,3 пайызының білімі жоқ", - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Атом энергетикасы еліміздің тұрақты болашағының бір бөлігі»: Жетісу университетінде дөңгелек үстел өтті
Бүгін, 19:16

«Атом энергетикасы еліміздің тұрақты болашағының бір бөлігі»: Жетісу университетінде дөңгелек үстел өтті

Атом электр станциясын салудың экономикалық аспектілері жан-жақты түсіндірілді
Өткен жылдан бастап, кітапхана басшылығы балалар мен жасөспірімдерге арнаған «Интеллектум» мега жобасын қолға алды
Министр Тұран жолбарысы бұрын Қазақстанда өмір сүргенін еске салды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →