×

Екібастұздағы апаттың алдын ала себебі белгілі болды

Қазіргі таңда Екібастұзда 58 көпқабатты үй жылусыз отыр

Екібастұздағы апаттың алдын ала себебі белгілі болды
tengrinews.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қаладағы апаттың алдын ала себебін атады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің жүргізіп жатқан тергеу жұмыстарының алдын ала қорытындылары бойынша жылу желілерінің бұзылуына станция қызметкерлерінің қате әрекеті себеп болып, желідегі қысымның кенеттен күрт көтерілуіне әкеп соқтырған, соның салдарынан көптеген жылу желілеріндегі жарылулар 27 қарашада бірден - 43, ал 28 қарашада 30 оқиға болды. Екібастұзда мұндай апат бірінші рет болды", – деді Скляр Екібастұзда өткен брифингте.

Ол құқық қорғау органдарының тергеуді жалғастырып жатқанын айтты.

"Апат ЖЭО-да емес, ЖЭО жұмыс істеп тұрды. Апаттар желілерде болды. Жүйеден судың көп жоғалуы ЖЭО-дағы қазандықтардың автоматты түрде өшіп қалуына әкеліп соқты", – деді ол.

Склярдың айтуынша, қазір 58 көпқабатты үй жылусыз отыр.

"Бүгін сағат 10.00-де 5А ықшам ауданындағы жылу магистраліндегі соңғы ірі ақауды жою жұмыстары аяқталды. Алайда, жылумен қамту жүйесінің теңгерімсіздігі және қаладағы үй шаруашылықтарының жылу жүйесінен судың бақылаусыз ағуына байланысты ЖЭО бүгінде 5А ықшамауданындағы бұл үйлерді жалғай алмай отыр. Қазір 5Б ықшамауданы мен 6 ықшамауданның үйлеріне кезең-кезеңімен жылу беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл 41 көпқабатты үй. Ертең күндіз 5А ықшамауданындағы 17 үйге жылу беріледі деп жоспарланып отыр", –  деп толықтырды ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте "жұмаққа" билет сатылып жатыр
Бүгін, 17:41

Шымкентте "жұмаққа" билет сатылып жатыр

Әзілкеш құны 50 млн тұратын талон сатқан
Жобаға бюджеттен 7,5-8 миллиард теңге бөлінген
Ғимараттың қасбетіне өз бетімен кондиционер орнату – заң бұзушылық
Қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары 1966 жылы пайдалануға берілген, 90 пайызы ескірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →