×

Жарты жолға келдік. Қазақ тілі үш жылда мемлекеттік тілге айналады - Ринат Зайытов

Оның айтуынша, ол үшін бір заңның жүзеге асуы жеткілікті

Жарты жолға келдік. Қазақ тілі үш жылда мемлекеттік тілге айналады - Ринат Зайытов
t.me/mazhilis_kz

Айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «Abay live» арнасына берген сұхбатында қазақ тілі 3 жылдың ішінде толық мемлекеттік тілге айналатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бағдарлама жүргізушісі «Қазақ тілі алдағы 10-20 жылда мемлекеттік тіл болып қалады дегенге сенбеймін» деп айтады. Бұған депутат келіспеді.

«Мен сенемін. Үш жылда бәрі орнына келеді. Ол үшін бір заңды жұмыс істеткізіп жіберсек болғаны. Жарты жолына келіп қалдық.  Бұл іспен Қазыбек Иса бастаған бір топ депутаттар айналысып жатыр. Бұрын Қазыбек Иса жалғыз еді, қазір Парламенттің жартысы қолдау көрсете бастады», –  дейді Ринат Зайытов.

Оның айтуынша, депутаттар бұл мәселе бойынша премьер-министрдің әлеуметтік мәселелер блогына жауап беретін орынбасары Алтай Көлгіновпен кездеспекші болған көрінеді. Алайда үлгермей қалған.

«Сосын орнына Тамара Дүйсенова тағайындалғанда Қазыбек Иса ағамыз айтты. «Осындай жоспарымыз болған. Заңнаманың ережелерін Көлгіновке бергенбіз. Енді сізге де ұсынамыз. Осыны қаперіңізде ұстаңыз» деді. Ол келісті. Біз енді асықтырамыз. Сондықтан алаңдамаңыздар», –  деді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →