×

Елімізде 4 пайыздық автонесие бағдарламасы тоқтатылады

Бағдарламаның қаражаты қоғамдық көліктерді алуға бағытталады

Елімізде 4 пайыздық автонесие бағдарламасы тоқтатылады
aikyn.kz

Қазақстанда 4 пайыздық автонесие бағдарламасы тоқтатылады. Бұл туралы Ақордада Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

4 пайыздық несие бағдарламасының қаражаты қоғамдық көліктерді алуға бағытталады.

“4 пайыздық автонесие бағдарламасын қайта жаңартуды жоспарлап отырмыз. Авкөліктерді несиелеу бағытын автобустарды несиелеуге ауыстырмақшымыз. Біз бірнеше өңірге бардық, Талдықорғанда, Оралда болдық. Бүкіл республика бойынша 10525 автобус бар. Олардың көпшілігі тозған. Мәселен, Қостанайда қоғамдық көліктердің 90 пайыздан астамы тозған. Ал Олар мен Талдықорғанда 70 пайызының тозығы жеткен. Қоғамдық көліктерді күніне 9 млн 300 мың қазақстандық пайдаланады екен. Сондықтан осы бағытқа басымдық беруді жөн көрдік”, – деді министр.

Қарабаев ел азаматтарына бұдан бұлай жеңілдікпен көлік алу мүмкіндігі берілмейтінін атап өтті.

“Азаматтар көлікті өз ақшасына алады”, – деп нақтылады ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Танымал нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаевтың елден кеткені рас па
Кеше, 21:28

Танымал нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаевтың елден кеткені рас па

Мешіт саламын деген азаматтар көмектессе - халық игілігіне жарайтын мықты клиника жасаймыз
Ол бұған дейін «Тұрсыновфильм» ЖШС аясында Ермек Тұрсыновтың серіктесі болғаны анықталды.
Іс бойынша екінші айыпталушы – Ләззат Көккөзова сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →