×

Досаев қоғамдық көлікте тегін жүру үшін зейнеткерлердің жасын төмендеткісі келмейді

75 жасқа толған зейнеткерлер ғана қоғамдық көлікте тегін жүре алады
 

Досаев қоғамдық көлікте тегін жүру үшін зейнеткерлердің жасын төмендеткісі келмейді
ашық дереккөзден

Алматы әкімі Ерболат Досаев қоғамдық көлікте тегін жол жүру үшін зейнеткерлердің жасын төмендетуге құлықсыз. Бұл туралы ол Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде тұрғынның сұрағына жауап беру кезінде мәлімдеді. 75 жасқа толған зейнеткерлер ғана қоғамдық көлікте тегін жүре алады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Қала тұрғыны зейнеткерлік жасты төмендету туралы сұрақ қойып, Астананы мысалға келтірді. Бас қалада зейнетке шыққаннан кейін бірден, яғни 63 жастағы ер адам мен 61 жастағы әйелдер қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Алматыда бұл 75 жастан басталады, бірақ зейнеткерлер үшін жеңілдетілген тариф қолданылады.

«Мұны білемін. Бірақ әр қаланың өз ережесі бар. Есесіне бізде Астанада, басқа қалада жоқ өзге де жеңілдетілген топ бар. Егер зейнеткерлік жас – 63 болса, бұл жеңілдік беруіміз керек дегенді білдірмейді. Бұл Алматы қаласында ғана қабылданған шешім. Сонымен қатар, бізде тағы 50% жеңілдік бар. Іс жүзінде бізде қоғамдық көлік саласы субсидияланады, ал тариф 80 теңге күйінде қалды. Мен тегін жол жүретін жасты төмендетпеймін», – деді Досаев.

Бұған қоса, қала әкімі автобустардың тазалығына ерекше назар аударуға уәде берді, оған қосымша қаражат бөлген. 

«Мәселе мынада, 25 тасымалдаушы компанияның 24-і жеке. Жеке меншік иелері таңертең автобусты жуып, бәрін жасауы керек, бірақ бұл әркез орындала бермейді. Сондықтан, қазір жаңадан мәмілеге отырар кезде келісім-шарттарды күшейтеміз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен қызмет көрсетушілерді міндеттейтін жаңа шарттарға көмектесуін сұрадық. Автобустардың тазалығына ерекше назар аударамын, қосымша қаржы бөлдім», – деді мегаполис басшысы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →