×

"Қамаудағы Қайрат Сатыбалды Назарбаевқа зәулім үй сыйлады": Депутат бас прокуратураға сауал әзірлеп жатқанын хабарлады

Резиденцияның Елбасы қорының меншігіне қалай өткені белгісіз

"Қамаудағы Қайрат Сатыбалды Назарбаевқа зәулім үй сыйлады": Депутат бас прокуратураға сауал әзірлеп жатқанын хабарлады
Скриншот/ видеокадр

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан қамаудағы Қайрат Сатыбалды «Үшқоңырдағы резиденциясын Назарбаевқа сыйлағаны жайлы» Азаттық радиосының зерттеуіне байланысты бас прокуратураға сауал әзірлеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл – қолданыстағы қылмыстық-процестік кодекстің талаптарын өрескел бұзу. Бір емес, бірнеше заңның бұзылуына куә болып отырмыз… БАҚ туралы заңға сәйкес, егер ол шындыққа сәйкес болмаса мемлекеттік органдар терістеуі тиіс. Кеше көргенім, бас прокуратура атына да, құзырлы органдарға сауал жолданған. Оған тиісті жауап та берілмеген», – деді депутат. 

Айта кетейік, бірер күн бұрын Азаттық радиосының сайты Алматы облысы, Үшқоңыр жайлауындағы резиденцияны Қайрат Сатыбалды немере ағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартқаны жөнінде зерттеу жариялаған. 

Бұл резиденцияның Елбасы қорының меншігіне қалай өткені белгісіз. Ақпаратқа қарағанда, резиденцияның меншік иесі сәуір айында, яғни Қайрат Сатыбалды түрмеде отырған кезде ауысқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады
Бүгін, 16:41

Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады

Бес күндік және жеті күндік жұмыс аптасы бойынша
Елде барлығы 6 миллионнан аса жалдамалы жұмысшы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →