×

«Маралдыны бітіріп, Тайынтыға ауыз салды»: ШҚО-да тағы бір компания Шыбындыны қопарып жатыр

Әлеуметтік желіге тараған видеоларда бірнеше экскаватордың жерді бей-берекет қопарып жатқаны көрсетілген

«Маралдыны бітіріп, Тайынтыға ауыз салды»: ШҚО-да тағы бір компания Шыбындыны қопарып жатыр
planeta.com

Өскемендік журналист Дарын Нұрсапаровтың жазуынша, «ГДК Альянс» деген компанияға қатты пайдалы қазбаларды қазу үшін Ұлан ауданынан 171,428 гектар жер берілген, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Ұлан ауданының ресми хабарламасынан түсінгеніміз, ГДК Альянс деген компанияға “мә қопарыңдар” деп  Шыбындыкөлдің жанынан 171, 428 га жер беріліпті», – деп жазды Дарын Нұрсапаров әлеуметтік желіде.

Әкімдік бұл мәселе жөнінде «ГДК Альянс компаниясы 2021 жылы Ұлан ауданы әкімінің атына 2025 жылдың 4 қыркүйегіне дейін қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияны өткізу үшін жария сервитут үйымдастыру жөнінде арыз хат келіп түскені» туралы ақпарат берген.

«Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылдың 21 қыркүйегіндегі қаулысымен ГДК Альянс ЖШС-ға Шыбынды кен орнында қатты пайдалы қазбаларды өндіру үшін жалпы аумағы 171,428 га жер берілді», – деп жауап берген әкімдік.

Дарын Нұрсапаров «Маралдының шаңын шығарып бітіріп, енді табиғаты тамылжып тұрған Тайынтыға экскаватордың ауызын салып жатыр екен» деп дабыл қағады. Жазуынша, «әй дейтін әкім, қой дейтін депутат жоқ».

«Орманның бәрін өртеп, қалғанын ауыр техниканың табанына салып қопарып тастасақ не болдық?» деп алаңдайды ол.

Әлеуметтік желіге тараған видеоларда бірнеше экскаватордың жерді бей-берекет қопарып жатқаны көрсетілген. Кадрды түсіріп тұрған адам «мына жердің бәрін қопарып тастапты ғой» деп налиды.

Ашық дереккөздердерде ГДК Альянс деген компанияның заңды мекенжайы Ұлан ауданы Тарғын ауылы деп көрсетілген. Иесі Ляхов Николай Куприянович деп жазылған. «6-10 адамға дейін жұмыс істейтін шағын кәсіпорын» деп көрсетілген.

Еске сала кетейік, Маралдыда алтын өндірушілер тау-тасты қазып тастаған. Соған байланысты жайылым жер тарылған. Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында Маралды және Аягөз өзендерінің су деңгейінің төмендеп бара жатқанын айтқан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның бір қаласында ғана «Жеңіс парады» өтетін болды
Кеше, 17:40

Қазақстанның бір қаласында ғана «Жеңіс парады» өтетін болды

Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады
Қуғын-сүргін бойынша деректі материалдың массиві анықталды ма
Алматы қаласында іскерлік белсенділік артты
Акцияны қолдау мақсатында Жамбыл ауданында бірқатар іс-шаралар өтуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →