×

Сенат электрсамокаттар туралы заң жобасын мақұлдады

Заңға сәйкес электрсамокаттардың қозғалысы реттеледі

Сенат электрсамокаттар туралы заң жобасын мақұлдады
Almaty.tv

Сенат депутаттары "Кейбір заңнамалық актілерге жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады. Осыған сәйкес электрсамокаттарды реттеу мәселесі шешіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл құжат жолда көлік қозғалысын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамашылығымен әзірленді. Заңның негізгі мақсаты - қолданыстағы құқықтық оқылықтарды жою және шағын электр көліктерін, сондай-ақ электр самокаттарын пайдалану мәселелерін заңнамалық реттеу.

Заңнамаға "Жол жүрісі туралы" және "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" екі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.

«Заңға сәйкес «Шағын электр көлік құралы» ұғымы енгізіліп отыр. Онда осы көлік түрінің техникалық сипаттамаларын және пайдалану тәртібін құқықтық регламенттей отырып, жүргізушілер үшін тыйым салулардың тізбесін белгілеу ескерілген. «Электрондық самокат» ұғымы енгізіледі, ол ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын көлік құралы деп танылады және олардың қозғалысы үшін тиісті орындар айқындалады. Сондай-ақ олардың жүргізушілеріне тиісті шектеулер болады», - деді Сенат депутаты Евгений Больгерт.

Оның айтуынша, электрсамокаттың жүргізушілері велосипедке арналған жолдармен жүреді. Олар болмаған жағдайда заңмен белгіленген шарттар мен тыйым салуларды ескере отырып, жолдың оң жағымен электрсамокаттардың жүруіне рұқсат етіледі. Ол үшін жүргізушінің жасы 18-ге толған болуы керек. Оның басында қорғаныш дулығасы және жарық шағылыстыратын киім және кез келген санаттағы куәлігі болуы керек.

«Электр самокатына тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 км-ден аспайтын жылдамдықпен жүруіне рұқсат етіледі. Шағын электр көлік құралдары мен электр самокаттары жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленеді. Сонымен қатар, мопед, велосипед, шағын электр көлік құралдары мен электр самокаттары жүргізушілеріне қатысты шектеулер нақтыланды», - деді депутат.

Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау саласында мемлекеттік монополия енгізілмек. Бұл қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығы ҚР ІІМ жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынына беріледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →