6 шілдеде қазақстандықтар Астана күнін атап өтеді
6 шілдеде қазақстандықтар Астана күнін атап өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Үкімет Елорда күнін мерекелеу аясында демалыс күнін ауыстыруды бекіткен болатын.
2023 жылы жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін демалыс күні 1 шілдеден (сенбі) 7 шілдеге (жұма) ауыстырылды.
Осылайша, қазақстандықтар елорда күніне 6, 7, 8, 9 шілде 4 күн қатарынан демалады. Бұл ретте, сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.
Сенбі және жексенбі демалыс күндерін есептегенде, шілдеде 11 демалыс күні болады.