×

Министр Сәтқалиев қай қалаларда ЖЭО тозғанын айтты

Министрдің айтуынша, тозған нысандарды жөндеу мәселесі бақылауда болады

Министр Сәтқалиев қай қалаларда ЖЭО тозғанын айтты
azattyq-ruhy.kz

Елімізде жылыту маусымына дайындық барысында жылу электр орталықтарының жол картасы әзірленді. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Техникалық жай-күйі 90% дейін тозған жылу электр орталықтары бар. Негізі ол стансалар жаңаға ауыстырылу керек. Жылыту маусымына дайындық барысында елдегі бар жылу электр орталықтарының жол картасы әзірленді. Біз стансалардың қай қазандықтары, қандай турбиналар мен желілерін жөндеу керектігін білеміз. Риддер, Екібастұз, Жезқазған, Теміртау, Маңғыстау АЭК және Кентаудағы жылу электр стансаларының жағдайы мәз емес. Стансалар тозған, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет», – деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Министрдің айтуынша, аталған нысандарды жөндеу мәселесі бақылауда болады.

Одан бөлек, БАҚ өкілдері министрден «Алдағы жылыту маусымында екібастұздықтардың алаңдауына себеп бар ма?» деп сұрады.

«Мен Екібастұзға барып, ондағы жағдайды өз көзіммен көремін. Әкімдіктің, мемлекеттік энергоқадағалау ұйымының мәліметінше, ЖЭО-да жұмыс ойдағыдай жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстарына қажетті жабдық сатып алынды. Ондағы жағдайды танысқаннан кейін ғана айта аламын. Тамызда – Екібастұз жылу электр орталығына, шілдеде – Риддерге, ал ертең СҚО-ға барамын», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ А.Сәтқалиев Екібастұз жылу орталығындағы жөндеу жұмыстарын қарашаға дейін бітіру керектігін айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу
Панедемия кезіндегі және одан кейін мәселелерді шешудің жолдары
Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →