×

"Үлгілі ауыл" атанған кенендіктер ауыз сусыз отырғанын айтып шағымданды

Ауыз сумен қамтуға 132,5 миллион теңге бөлінген

"Үлгілі ауыл" атанған кенендіктер ауыз сусыз отырғанын айтып шағымданды
видеодан кадр/ Нурадин Ракайдың Facebook парақшасы

“Үлгілі ауыл” номинациясын жеңіп алған Кенен ауылында су жоқ. Ауыл тұрғындары музыкалық аспаптар ретінде бос шелек, құты, шара секілді ыдыстарды қолданып, “ерекше ансамбль” құрды. Бұл туралы журналист Нұрадин Рақай Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, ауыл 2020 жылы облыстағы “Үлгілі ауыл” номинациясын жеңіп алған. Алайда ауылда құжат бойынша су болғанымен, іс жүзінде жоқ. Ауыл тұрғындары музыкалық аспаптар ретінде бос шелек, құты, шара секілді ыдыстарды қолданып, “ансамбль” құрған. Видеода кегендіктер бос ыдыстарды даңғырлатып, “ақша бөлінді, су қайда?”, “Үлгілі ауыл қайда?” деп наразылық білдіруде. 

Qaz365.kz тілшісі Қордай ауданы әкімі Бекзат Болатбековтен жағдайдың мән-жайын біліп көрді.

“Кенен ауылында су бар. Ауылда су жоқ деген жалған ақпарат. Жазда күн ысығанда, су тапшылығы болады. Өйткені ауыл таулы аймақтан су ішіп отыр. Жаз кезінде бұлақтардың суы тартылады. Бұл – жыл сайын қайталанатын мәселе. Біз осы мәселені шешу үшін 1000-1500 кубтық тоспа саламыз. Жобалау-сметалық құжаттаманы жасап жатырмыз. Тоспаның құрылысын келесі жылы бастаймыз”, – дейді әкім.

Әкімнің айтуынша, су ұңғымалары бұрғыланған. Дегенмен желіде тараған видеодан су ұңғымаларының жоқ екенін, судың құбыр арқылы тау суынан тартылып жатқанын көруге болады.

Қордай ауданының әкімі ауылды сумен қамту үшін қашан және қанша қаржы бөлінгенін айтқысы келмеді. Qamshy.kz-тің жазуынша, 2018-2019 жылдары Сарыбұлак, Қайнар, Кенен ауылындардағы және Қордай ауылы «Батыс» тұрғын алқабындағы сумен жабдықтау желісі және су жинау құрылыстарын жүргізуге облыстық, аудандық бюджеттер есебінен 36,1 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленген. Ал AMANAT партиясының (бұрынғы НұрОтан) Қордайдағы филиалының мәліметінше, 2020 жылы ауыз су құбырларының құрылысы үшін Кенен ауылына 132,5 миллион теңге қаражат бөлінген. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды
Кеше, 17:35

Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды

Туристер мен Алматы тұрғындары 300 кг қоқыс жинады.
Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды
"Менің елім - менің Туым" акциясы аясында республика қалаларында 10 мыңға жуық ту ілінетін болады
ІІМ Қазақстан азаматтарын заңды және жол-көлік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →