×

Алматыда 200 мың тұрғынды жарықпен қамтамасыз ететін қосалқы станция салынды

Бұл қосалқы станция Алматының оңтүстік бөлігіндегі тұтынушылардың жүктемесін азайтады

Алматыда 200 мың тұрғынды жарықпен қамтамасыз ететін қосалқы станция салынды
inbusiness.kz

Алматыда 200 мыңнан астам тұрғынды үздіксіз электрмен қамтамасыз ететін «Алмагүл» жаңа қосалқы станциясының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Бостандық ауданында Гагарин мен Қожабеков көшелерінің қиылысында орналасқан «Алмагүл» қосалқы станциясының құрылысы бойынша жұмыстар 100 пайыз аяқталды. Сондай-ақ, осы қосалқы станцияға 110 кВ электрмен жабдықтаудың 4,8 км кабельдік желісі тартылды.

«Бұл қосалқы станция Алматының оңтүстік бөлігіндегі тұтынушылардың жүктемесін азайтады. Оған «Алмагүл» шағын ауданы әл-Фараби-Жароков-Өтепов-Розыбақиев көшелерінің қиылысында салынып жатқан және жаңа тұрғын үй кешендері қосылатын болады. Секцияларда кабельдерді қосу және тұтынушы жүктемелерді аудару жөніндегі іс-шаралар «АЖК» АҚ-мен жүргізіледі», – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, қосалқы станцияға қажеттілік Бостандық ауданында жаппай, ретсіз салынған құрылыстарға байланысты туындады.

Бұл мәселені Алматы әкімімен кездесу барысында Бостандық ауданының тұрғындары көтерген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды
Кеше, 17:35

Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды

Туристер мен Алматы тұрғындары 300 кг қоқыс жинады.
Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды
"Менің елім - менің Туым" акциясы аясында республика қалаларында 10 мыңға жуық ту ілінетін болады
ІІМ Қазақстан азаматтарын заңды және жол-көлік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →