×

Журналист Асхат Ниязов «Хабардағы» жұмысынан Алтай Көлгіновтің қысымынан кетуі мүмкін

Әкімдер туралы бағдарлама түсіріп жүрген Асхат Ниязов бұған дейін бірнеше жыл «Хабар 24» арнасында қызмет еткен

Журналист Асхат Ниязов «Хабардағы» жұмысынан Алтай Көлгіновтің қысымынан кетуі мүмкін
Коллаж Qaz365.kz

Журналист Ерболат Мұхамеджан YouTube арнасындағы сұхбатында әріптесі Асхат Ниязовтың «Хабар» арнасынан не үшін қызметінен кеткенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz
Әкімдер туралы бағдарлама түсіріп жүрген Асхат Ниязов бұған дейін бірнеше жыл «Хабар 24» арнасында қызмет еткен. Ол өткен мемлекеттік арнадағы жұмысынан кетіп, «Обожаю» атты жеке YouTube арна ашқан еді. 
 

«Асхат бір жыл бұрын кетті. Себебі, менің ойымша, ол Алтай Көлгіновке ұнамады (Астана қаласының экс-әкімі). «Хабар 24» арнасында жүргенде түсірген «Акимы» бағдарламасының соңғы саны Көлгіновке арналған. Ол хабары арнаның сайтынан да YouTube желісінен де алынып тасталды. «Балаларын қайда оқиды?», «Салютты неге аттыңдар?» деген сұрақ қойған. Осы сұхбаттан кейін қысым болған. Сөйтіп, жұмысынан кетті деп ойлаймын», - дейді Ерболат Мұхамеджан.


Ал ардагер журналист Махат Садық осы ретте қазіргі депутат Самат Нұртаза да осындай қысымға ұшыраған деп отыр. Яғни ол телеарнада қызмет етіп жүргенде Бауыржан Байбек туралы пост жазып жұмысынан айырылыпты.
Айта кетейік, Асхат Ниязовтің соңғы кездері Шығыс Қазақстанның экс-әкімі Даниал Ахметов және Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановпен жасаған хабарлары қоғамда қызу талқыланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу
Панедемия кезіндегі және одан кейін мәселелерді шешудің жолдары
Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →