×

Қазақ өнері жерге тапталып жатыр. Кегендегі қымызмұрындықта шенеуніктер виски ішкен

Алматы облысының Кеген ауданында «Қымыз фестивалі» өткен

Қазақ өнері жерге тапталып жатыр. Кегендегі қымызмұрындықта шенеуніктер виски ішкен
Коллаж: Qaz365.kz

Алматы облысының Кеген ауданында «Қымыз фестивалі» өткен. Бұл іс-шараның соңы дау-дамайға ұласты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде Мақпал Шадан есімді қолданушы жағдайды баяндап, видеосын жариялаған. 

«28 шілдеде Кеген ауданында «Қымыз фестивалі» өткен еді. Әлеуметтік желіде жарыса жазып, мақтаған видеолары толып тұр. Биыл фестивалдің жоспарын орындап жатқан соң, қызығушылық болмады. Бармағаныма да қуанып отырмын. Өйткені сорақылықты естігенде көңіл күйім түсіп кетті», – дейді Мақпал Шадан.

Оның айтуынша, «Қымыз фестиваліне» арнайы қонақ ретінде ұста Махмұд Құлментегі мен әлеуметтік желіде жастарға ұсталық өнердің қыр-сырын көрсетіп жүрген оның ұлы, жас темірші-ұста Бейбарыс қаладан барлық құрал-саймандарын көтеріп келген. 

«Мыңжылқының жайлауына жұпыны киіз үй (шын мәнінде темір) тігіп, ешқандай төсек-орынсыз тастап кеткен. Сөйтіп, қонақтар Кеген ауылындағы Нұрболат Тастанқұлов ағамыздың үйіне келіп түнепті. Ертесі көрмесін фестивалге келген қонақтарға көрсетіп, барлық заттарын жинап қайтпақ болғанда қызық басталған секілді. Алматыдан алып келген «Еңбек» мобилді тобының көлігін ішінде гуілдетіп отырған топ босатқысы келмеген. Көліктің босағанын күтіп тұрғандардың ішінде әнші Сұлушаш Нұрмағанбетова да болған. Видеоға жақсылап қарасаңыздар «гуілдетіп» отырған топқа адамдарды жібермей жүрген кісі Кеген аудандық мәслихатының депутаты», – дейді желі қолданушысы. 

Ол ауданның жаңа әкімі Нұрбақыт Теңізбаевтан қазақтың тарихи жәдігерлерін қалпына келтірген Махмұд Құлмантегінің еңбегін құнсыздандырған қызметкерлерге тиісті шараны қолдануды сұрады. 

Ал журналист Ришат Асқарбекұлы шенеуніктердің қымызмұрындыққа барып, виски ішкенін, ұстаға құрмет көрсетпегенін сынға алды.

«Ұсталық өнерді соңғы 30 жылда тастамай алып келе жатқан Құлментегі деген ағайынды кісілер бар. Алматыда жұпыны үйде тұрады. Ұстаханалары да сол жерде. Үйлеріне талай барып, репортаж жасаған соң, жағдайларын білеміз. Мәселе тұрмыстарында да емес. 
Дүниеге қызықпаған, ұлтжанды, ұсталық өнерге жан-тәнімен берілген Тұрсынжан, Махмұт, Айтберген Құлмантегілерді шенеуніктер жақсы пайдаланады. Басқа ешкім жоқ болған соң, солардың дүниелерін барған жерде бүкіл қазақтың ұсталық болмысы осы, деп мақтанып көрсетеді. Бірақ шынайы жанашырлық жоқ. Келесі шараға дейін ұмытылады. 
Ағайындылардың кішісі - Айтберген аға былтыр қайтыс болды. Кеген жақта туып, Алматыда кәсіп қылған ағайындылар соңғы жылдары ұсталыққа ұлдарын үйретіп жүр. Бұл өте жақсы. Айта берсең, әңгіме көп. Тоқетері жақында Алматы облысы әкімдігі Қарқара жайлауында қымызмұрындық жасады. Оны қымыз тойы деп атады. Сол жерге Махмұт Құлментегі мен баласын көрмеге шақырып, елге өнерлерін көрсетуді сұраған. Бірақ тегін. Алайда бюжеттен қаржы бөлініп жасалатын шарада әкімдік қызметкерлері біраз көргенсіздікке жол берген екен. Жатын орын, тамақ, көлікті де дұрыс ұйымдастырмаған көрінеді»
, – дейді Ришат Асқарбекұлы.

Ол Мақмұд Құлментегін әрі-беріден соң осы тойда әкім қасына алып, алақанына салып жүретін жөні бар. Бірақ облыс басшысы оны танымауы да мүмкін. Осыны қасындағылардың біреуі айтса да болар еді деп реншін білдірді.

«Ұйымдастыру кезінде қателіктер кетуі мүмкін. Мәселе онда да емес. Мәселе қымызмұрындыққа барған шенеуніктердің қымыз орнына арақ, виски ішіп абыройларын түсіргендігі. Осыны әшкерелеп, Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиевке бейнеүндеу жолдаған ұсталар мен өнер жанашырларына лайықты жауап береді деп үміттенеміз. Алдағы уақытта сабақ болса дейміз», – дейді журналист.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Жеңіс күні тойланды
Кеше, 13:15

Алматыда Жеңіс күні тойланды

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Аймақ басшысы өз борышын өтеуге енді келген жас сарбаздармен тілдесті
Оқушы қызықты тәсіл ұсынып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →