×

Электросамокат жүргізетіндер не білуі тиіс

Бұдан былай полиция ереже бұзушыны жазалайды

Электросамокат жүргізетіндер не білуі тиіс
Tengrinews.kz / Алихан Сариев

30 тамыздан «Жол жүрісі туралы» заңға өзгеріс енеді: электросамокат иелері мен жүргізушілеріне арналған жаңа тармақтар қосылады. Бұдан былай полиция ереже бұзушыны жазалайды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Тәжірибеде қалай болатынын уақыт көрсетеді, әзірге суреттер арқылы айыппұл арқаламай, айналаға кедергі келтірмей самокат тізгіндеу туралы нақты мәлімет береміз.

«Жол жүрісі туралы» заңда барлығы анық жазылған. Электросамокат — орындығы жоқ жеке мобильділік құралы. Жоғары жылдамдығы — 25 км/сағ.

Қазір ІІМ жылдамдығы 50 км/сағ-тан асатын электросамокат кіргізуді шектеу жолдарын қарастырып жатыр, полицейлердің сөзінше бұл көлік құралы қауіпті, тұрақсыз, әрі жарақат алу қаупі жоғары.

Ездить на электросамокате по правилам. Всё, что нужно знать

Қазіргі самокаттарда спидометр бар. Жоқ болса, велосипедке арналған кез келген түрін сатып алуға болады. 25 км/сағ жылдамдықпен автомобиль жолымен жүруге ғана рұқсат етілген.

Осыған ұқсас, бірақ орындығы бар үш дөңгелекті түрі электрлі көлік құралы саналады. Бір қызығы, жылдамдық бойынша шектеу ондай көлікке қатысты емес. Шенділер бұлар баяу жүреді деп ойласа керек. Шын мәнінде олай емес.

Электросамокатпен жаяу жүргіншілер жолағына не тротуарға шығуға болады, тек бірқатар ереже мен талапты сақтау керек. Егер сіз велосипед жүргізушісі не меподші болсаңыз, біразын білетін боларсыз.

Ездить на электросамокате по правилам. Всё, что нужно знать

Электросамокат жүргізушілеріне тыйым салынады:

  • Рөлді кем дегенде бір қолмен ұстамай жүргізуге. Телефон қолдануға, бірақ гарнитура не дауыс ұлғайтқыш арқылы сөйлесуге рұқсат.

Ездить на электросамокате по правилам. Всё, что нужно знать

Шасси мен рөл құрылымын ескерсек, бір қолмен самокат жүргізу оңай болмайтыны белгілі

  • Жолаушы тасуға (жолаушы тасуға арналған арнайы құрылғысы бар велосипед пен мопедті қоспағанда).

Ездить на электросамокате по правилам. Всё, что нужно знать

  • Жүк тасуға (жүк тасуға арналған арнайы құрылғысы бар велосипед пен мопедті, сондай-ақ ұзындығы мен ені 50 сантиметрден аспайтын, алып жүргенде қиындық тудырмайтын жүктерді қоспағанда).

Ездить на электросамокате по правилам. Всё, что нужно знать

Кикшерингтік компания қызметкерлері секілді бір самокатқа екіншісін мінгестіріп (өлшемі шектеуден асып кетсе) тасуға

  • Бір бағыттағы жолақ саны екіден көп жолда солға не кері бұрылуға. Бұл трамвай жолы бар аймаққа да қатысты. Бұндай кезде тезірек жүру не жүргіншілер жолағы арқылы көшенің сол жағына өту керек.

Ездить на электросамокате по правилам. Всё, что нужно знать

Самокат жүргізушілері үлкен көшелерде солға бұрылу өміріне қауіпті екенін түсінуі керек

  • Басқа электросамокат, мопед не велосипед сүйреуге.

Ездить на электросамокате по правилам. Всё, что нужно знать

  • Көліктен түспей жаяу жүргіншілер өткелімен жолды кесіп өтуге. Жолдан жаяу өту керек.

Ездить на электросамокате по правилам. Всё, что нужно знать

  • Қараңғы уақытта өзге көлік жүргізушісіне көрінетін жарық шағылыстыратын зат тақпай жүруге. 150 метрден көзге түсу үшін күртеше киген абзал.

Ездить на электросамокате по правилам. Всё, что нужно знать

  • Жол бойында шлемсіз жүруге.

Ездить на электросамокате по правилам. Всё, что нужно знать

Ережеде шлемнің түрі (велосипедке, сноубордқа не мотоциклге арналған) айтылмаған. Бірақ неғұрлым мықты болса, соғұрлым жақсы қорғайды. Егер бауы бекітілмесе, оны кигеннен түк пайда жоқ. Соққы тисе, бірінші болып ұшып кетеді

Ездить на электросамокате по правилам. Всё, что нужно знать

Бұл ереже емес, тәжірибелі райдердің кеңесі: көзді көшедегі шаң мен шыбын-шіркейден қорғау

Жиі қойылатын сұрақ — самокатпен қай жерде жүрген дұрыс? «Жол жүрісі туралы» заңда электросамокат жүргізушісі веложол немесе веложолақпен жүруі керек деп көрсетілген.

Ездить на электросамокате по правилам. Всё, что нужно знать

Олар болмаған жағдайда — жолдың оң жақ шетімен. Автобус жолағы болса, соның оң жағымен және бір қатарда жүруі керек. Жол жиегімен жүруге де рұқсат етілген.

Ездить на электросамокате по правилам. Всё, что нужно знать

Алматыда жүргізушілер көлігін қалай болса солай тұраққа қоятындықтан, самокаттар екінші қатарға ауысуға мәжбүр болады. Бұл заңға қайшы келмейді, бірақ самокатшының өміріне қауіпті

Самокат жүргізушілері адамдарға қауіп төндірмей, сағатына 6 км-ден аспайтын жылдамдықпен тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолағымен жүре алады.

Ездить на электросамокате по правилам. Всё, что нужно знать

Қос дөңгелекті көлікпен баяу жүру оңай емес. Бірақ бұл заң талабы

Жаңа ереже бойынша 18 жасқа толмаған, жүргізуші куәлігі жоқ азаматтар самокат тізгіндей алмайды. Куәліктің категориясы маңызды емес. Құжатты алып жүрудің де қажеті жоқ. Жеке куәлік не телефонда электронды көшірмесі болса жеткілікті.

Ездить на электросамокате по правилам. Всё, что нужно знать

Заңға сәйкес, электросамокат — көлік құралы. Автомобиль не мотоцикл болмағанымен барлық шектеу оған да қатысты болады. Кейбірін еске салайық.

Самокат жүргізушілеріне тыйым салынады:

  • Көлік құралын мас күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде) жүргізуге, сонымен қоса реакция мен назарды бұзатын дәрі-дәрмек қабылдап, көлік қозғалысына қауіп төндіруге.

Ездить на электросамокате по правилам. Всё, что нужно знать

Полицейлер мас жүргізуші Әкімшілік кодекстің 440-бабы (Алкогольді ішімдік iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде бару) бойынша айыппұл арқалайды деп мәлімдеді. Электросамокат механикалық көлік болмағандықтан, айыппұл — 5 АЕК. Бірақ айыппұл төлеу үшін жүргізуші адамның қадір-қасиеті мен қоғамға нұқсан келтіретіндей жағдай болуы керек. Патрульдік полиция бұны қалай анықтайтыны жұмбақ.

  • Сынып тұрған самокат айдауға. Тежеуіші, шамы мен габариттік шамы істемей тұрған көлік құралын айдау — ереже бұзу.

Ездить на электросамокате по правилам. Всё, что нужно знать

  • Электросамокатты мас және жүргізуші куәлігі жоқ адамға айдауға беруге болмайды. Көлік апаты болса, самокат иесі де жауап береді.
  • Жүргізуші қатысқан көлік апатынан кейін алкоголь, есірткі және (немесе) уытқұмарлық заттар қабылдауға тыйым салынады.

Билік бұл үшін қоғамдық жерде мас күйде жүргенмен бірдей жаза қолданатын сияқты.

Суреттер: kolesa.kz, Алмаз Толеке

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →