×

Алматыда қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы қымбаттады

Бұрын жол жүру құны 80 және 150 теңге болған еді

Алматыда қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы қымбаттады
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда бүгіннен бастап қала әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы "Жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы" қаулысы жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Құжатта қала жолаушыларын тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауға жаңа тарифтер төлеу тәсіліне қарай мынадай мөлшерде белгіленді:

  • ұялы байланыс операторының қызметтері немесе көлік картасы немесе жол жүруге арналған мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін – 100 теңге;
  • жол жүру ақысын қолма-қол төлеу кезінде – 200 теңге.

21 тамызға дейін қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төлегенде 80 теңге (2012 жылдан бастап жарамды), қолма-қол төлеу кезінде 150 теңге болған еді.

Тегін жүруге кімдер құқылы?

  • ҰОС қатысушылары, мүмкіндігі шектеулі жандар,
  • 75 жастан асқан зейнеткерлер,
  • бірінші, екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар және он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар,
  • 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар,
  • басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері,
  • "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар.

Кімге 50 пайыз жеңілдік беріледі?

50 пайыз жеңілдікпен жол жүру құны 50 теңге болады. Оған мына адамдар құқылы:

  • жалпы білім беретін мектептердің 15 жастан асқан оқушылары,
  • техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушылары,
  • күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орындарының студенттері,
  • зейнеткерлер,
  • көпбалалы аналар,
  • он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалармен бірге жүретін адамдар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда биыл шаршы метрі 220 мың теңгеден 800 пәтер беріледі
Бүгін, 11:30

Түркістанда биыл шаршы метрі 220 мың теңгеден 800 пәтер беріледі

Салынып жатқан үйлердің құрлысы тамыз айында аяқталады деп жоспарланған
Маманның айтуынша, әлеуметтік тәуелділік дегеніміз дәл осы тұрақты жұмыстың болмауынан туындайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →