×

Қазақстандық қалай бір күнде 52 тісін емдеткен

Дәрігерлер МӘМС аясында тұрғындарды жалған қабылдауларға жазған

Қазақстандық қалай бір күнде 52 тісін емдеткен
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық азамат бір күнде 52 тісін емдеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ұлттық арнаға сілтеме жасап. 

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында МӘМС аясында 23 мыңға жуық жалған жазба анықталды. Яғни, дәрігерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тұрғындарды жалған қабылдауларға жазған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Медициналық сақтандыру қоры төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан айтты. 

«2023 жылдың 6 айында жалпы сомасы 212,4 млн теңгеге 22,9 мың жалған жазба анықталды. Олардың ішінде пациенттерге бір күнде бірнеше рет стоматологиялық қызмет көрсету фактілері бар. Мысалы, бір науқас бір күнде 52 тісін емдеткен. Яғни, орындаушылар көрсетілген қызметтер санын көбейтіп жаза берген. Сол сияқты 1 қызметкер 1 600 мыңнан астам массаж қызметін көрсетті деп жазылған. Яғни, ол күніне ұзақтығы 30 минуттан 80 рет массаж жасап отырған. Ал есептеп қарасақ, бұл үшін оған күніне 40 сағат үзіліссіз жұмыс істеу керек емеспе?!»  - дейді Ілияс Мұхамеджан.

Бұған дейін, қол жетімді медицинаны қамтамасыз етуі тиіс жаңа жүйенің одан өзге де шикі тұстары көп екені айтылды. Ең негізгісі: 3 миллионнан астам адам сақтандырылмаған және МӘМС арқылы көрсетілетін көмектерге қол жеткізе алмайды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы «Достық» саябағы тазартылды
Кеше, 17:28

Алматыдағы «Достық» саябағы тазартылды

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады
Қуғын-сүргін бойынша деректі материалдың массиві анықталды ма

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →