×

Күніне 500 мың теңгеге дейін: WhatApp-та күмәнді жұмыс түрін ұсынатын хат тарап жатыр

Хабарламада толық емес жұмыс күнін ұсынады

Күніне 500 мың теңгеге дейін:  WhatApp-та күмәнді жұмыс түрін ұсынатын хат тарап жатыр
diapazon.kz

WhatApp-та толық емес жұмыс уақытын ұсынатын алаяқтық хат тарап жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Хабарлама адамды “бос уақытыңызда жасай алатын толық емес жұмыс күнімен” және “күніне 500000 теңгеге” дейін ақша табуға болады деп арбайды. 

“Сәлеметсіз бе! Біздің компания толық емес жұмыс күнімен жұмыс істейтін қызметкерлерді қабылдайды және сізді бос уақытыңызда жасай алатын толық емес жұмыс күнімен қамтамасыз етуге қуанышты болады.

Жұмыс қарапайым, уақыт шектеуі жоқ және үйде де аяқталуы мүмкін.

Күнделікті жалақы: (5000KZT-500000KZT) Барлық жалақы бір күн ішінде төленеді. (Ескерту: Сіз заңды жаста болуыңыз керек)

Егер сізді осы лауазым қызықтырса, "1" деп жауап беріп, қосымша ақпарат алу үшін WhatsApp түймесін басыңыз.

Жоғарыдағы сілтеме WhatsApp желісіндегі жұмысқа қабылдау жөніндегі қызметкеріміздің байланыс ақпараты болып табылады. Егер сізде жеткілікті жұмыс уақыты болса, қосымша ақпарат алу үшін оларға хабарласыңыз”, – дейді хабарламада.

Бұдан алдын, қонақүйлерге «баға беруді» яғни лайк басуды және скриншоттар арқылы растауды сұрайтын жұмыс түрі жайында жазған едік.  Оқырмандарымыз бен отандастарымызды осындай күмәнді табыс ұсыныстарынан бас тартуға шақырамыз. Сонымен қатар өз туыстарыңызға мұндай алаяқтық схемалары туралы ескертуді айта жүріңіздер.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу
Панедемия кезіндегі және одан кейін мәселелерді шешудің жолдары
Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →