×

Қосарым бар - Нұрлан имам ҚМДБ мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Нұрлан имам хиджап кигізбесе, Шешенстанға көшіп кетем дегендерге жауап берді 

Қосарым бар - Нұрлан имам ҚМДБ мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
Сурет ашық дереккөзден

Кеше Мәдениет және ақпарат министр Аида Балаева мектепке хиджабпен емес,  арнайы бекітілген форма кию міндетті екенін айтқан еді. Осыған қатысты Нұрлан имам Байжігітұлы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz
 

«Діни басқарманың пікіріне қосыламын,  қолдаймын. Діни басқарманың қызметкері ретінде. Әлбетте қосарым бар. Біз зайырлы елміз, иманды елміз. Сондықтан бір-біріне айдап салып, арандатуға жол бермеуіміз керек. Дінді мемлекетке, керсінше мемлекетті дінге қарсы қоюға болады. Мектепке хиджап тақтырмаса, Шешенстанға көшіп кетемін дегендердікі  жақсы нәрсе емес. Тағы да қайталап айтамын, біз зайырлы елміз. Осыған дейін дау-дамайсыз келдік қой. Сондықтан ортақ шешім табу қажетпіз», - дейді имам.


Айта кетейік, Оқу-ағарту министрлігі бұған дейін мектептерге хиджабпен келуге болмайтынын айтып, бұл дауға нүкте қойған еді. Осыны естіген белсенді Талғат Рысқұлбек Шешенстанға көшіп кетемін деп қорқытты. 
Одан бөлек, жақында орамал тартқан белгісіз қыздың домбыра тартуды күнә екенін айтқан бейнежазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын.  Аталмыш видеоға қатысты белігілі айтыскер Айшолпан Тілеутай, кейіннен Нұрлан имам да жауап берген еді. Ол барлығы заң аясында реттелуі керек деп отыр.
 

«Мұндайлар заңмен жазалануы керек. Біз Африкада өмір сүріп жатқан жоқпыз, зайырлы елміз. Барлығы заң аясында шешілуі тиіс. Қаншалықты қоғамға зиян екені анықталуы тиіс. Әркім ойына келгенін істей беруге болмайды. Біреу домбыраны, біреу ұлттық киімді харам дей берсе не болады?» - Нұрлан қажы Байжігітұлы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →