×

Депутат елде кедейшілік пен жоқшылық өршіп бара жатқанын айтты

 Депутат 85 мың теңге бір отбасы тұрмақ, бір адамға жетпейді дейді

Депутат елде кедейшілік пен жоқшылық өршіп бара жатқанын айтты
ҚР Парламенті Мәжілісі

Депутат Нартай Аралбай  85 мың теңге жалақыға өмір сүруге байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz

"Бұл – үлкен проблема. Мен, әрине, халықтың жалақысының өскенін қолдаймын, қалаймын. Қазір сіздерге мынадай бағытта деп бірден айта алмаймын. Неге? Өйткені бұл жерге арнайы экономикалық сараптама қажет. Біз есептеуіміз керек. Қордың ақшасы, экономиканың әлеуеті деген дүниелерді есептеуіміз керек. Дей тұрғанмен де 85 теңге бір отбасы тұрмақ, бір адамның бір ай лайықты өмір сүруіне жетпейді дегенге кепілмін.  Елді аралағанда да 85 мың тұрмақ, 185 мың теңге берсең де үнемдеп жеткізуге тура келетін жағдайлар бар. Сондықтан бұл нәрсені жақсы білемін”, – дейді Нартай Аралбай.

Сондай-ақ депутат елде кедейшілік пен жоқшылық өршіп бара жатқанын айтады. 

Осыған байланысты президенттің жолдауы осы экономикадағы әлеуметтік бағдарға бағытталды. Сондықтан құзырлы орындар тиісті қызметін атқару керек деп санаймын. Ал енді кез келген мәселеде, әсіресе, осы табыстың деңгейіне келген кезде құзырлы органдар тырп етпей отырып жұмыс істеп, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған әрекеттер жасау қажет деп есептеймін", - дейді депутат.

Айта кетейік, бұған дейін депутат Ринат Зайытов Қазақстанда ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек деп айтқан еді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Павлодарда 68 жастағы зейнеткер жоғалып кеткен
Бүгін, 10:47

Павлодарда 68 жастағы зейнеткер жоғалып кеткен

Бұған дейін ол ешқашан жоғалып көрмеген
Сағи мен Елдиярдың сөзінше, олар есімі елге белгілі айтыскер ақынның қызымен бизнес бастамақ болған.
Тергеу «Құпия» белгісімен жүргізілген. 
Қазіргі таңда тегін мемлекеттік үйірмелермен 250 мыңнан астам баланы қамтылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →