×

Қала күніне орай Алматы халықаралық әуежайында туристерді алмамен қарсы алады

Алматыда ай бойы көрмелер, әдеби кештер, спектакльдер, концерттер, спорттық турнирлер және т.б. іс-шаралар өтеді

Қала күніне орай Алматы халықаралық әуежайында туристерді алмамен қарсы алады
Әкімдік баспасөз қызметі

Алматы қаласы күнін мерекелеу аясында Алматы қаласының Туризм басқармасы Алматы халықаралық әуежайымен және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Алматы Шекаралық Бақылау Басқармасымен бірлесіп «Алматының символын сыйлаймыз» акциясын ұйымдастырады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

14-17 қыркүйек аралығында халықаралық жолаушылар терминалындағы паспорттық бақылау аймағында шетелдік қонақтарға оңтүстік мегаполистің жылуы мен қонақжайлылығын бейнелейтін жергілікті алмамен қарсы алатын болады. Сондай-ақ туристерге алдағы күндерге арналған мәдени-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларының тізімін қамтитын іс-шаралар күнтізбесі таратылады.

Алматыда осы ай бойы көрмелер, әдеби кештер, қайырымдылық және экологиялық акциялар, флешмобтар, конкурстар, спектакльдер, концерттер, спорттық турнирлер, жаппай жарыстар және т.б. өтеді. Осылай, туристер қалада болған уақытында мәдени іс-шаралардан бастап спорттық іс-шараларға дейінгі ойын-сауықтың алуан түрін тамашалай алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды
Кеше, 17:35

Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды

Туристер мен Алматы тұрғындары 300 кг қоқыс жинады.
Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды
"Менің елім - менің Туым" акциясы аясында республика қалаларында 10 мыңға жуық ту ілінетін болады
ІІМ Қазақстан азаматтарын заңды және жол-көлік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →