×

FlyArystan Run for Autism қайырымдылық жүгіруін ресми әуе тасымалдаушы ретінде қолдады

FlyArystan Run for Autism қайырымдылық жүгіруін ресми әуе тасымалдаушы ретінде қолдады
Фото: FlyArystan

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Bolashak Charity қоғамдық қоры ұйымдастырған жыл сайынғы Run for Autism қайырымдылық жүгіру жарысын серіктес ретінде қолдады. Іс-шара бүгін Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату айы аясында Астана қаласы Ботаникалық бағында өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz

Серіктес ретінде әуекомпаниясы жарыстың жүлде қорын қолдап, Астана – Батуми – Астана бағыты бойынша ұшу сертификаттарын ұсынды. Сонымен қатар, компания Қазақстан өңірлерінен қор қамқорлығындағы балаларды, олардың қамқоршыларын және келген арнайы қонақтарды тасымалдауды қамтамасыз етті.


Йохан Эйдхаген, «FlyArystan» АҚ Президенті және бас атқарушы директоры:

«Bolashak Charity қорымен серіктестік аясында біз аутизм туралы ақпарат тарату айы аясында бірқатар инклюзивті бастамаларды қолдадық. Бұған дейін әуекомпания Астанада өткен Autism Talks кездесуі спикерлерінің ұшуын ұйымдастырып, ашық диалогты дамытуға және қоғамның осы тақырыптағы хабардарлығын арттыруға өз үлесін қосты. Мұндай жобаларды қолдау – FlyArystan құндылықтарының және баршаға қолжетімді орта қалыптастыруға бағытталған жүйелі ұстанымымыздың көрінісі. Компания инклюзияны дамыту аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған “Komek” жеңілдік бағдарламасын да жүзеге асырып келеді және бұл бағыттағы әлеуметтік жобаларды алдағы уақытта да жалғастырады».  


Жарысты ұйымдастырушы Bolashak Charity қоры 15 жылдан астам уақыт бойы инклюзивті білім беру мен әлеуметтік бейімдеу бағытында жобаларды жүзеге асырып, даму ерекшеліктері бар балалар мен ересектерге білім алып, кәсіби әлеуетін дамытуға мүмкіндік беріп келеді.


Динара Гаплан, «Bolashak Charity» қорының Қамқоршылар кеңесінің төрайымы:

«Run for Autism – ерекше жоба, себебі бұл бастамаға біздің жобаларымызға қатысатын жасөспірімдер, олардың отбасылары, педагогтер, серіктестер мен қор достары қатысады. Сол себепті бұл жүгіру әлдеқашан жай ғана іс-шара шеңберінен шығып, түрлі қалалардан келген адамдарды ортақ идея төңірегінде біріктіретін шынайы қозғалысқа айналды. Біз үшін серіктестердің қолдауы ерекше маңызды. FlyArystan компаниясының біздің жобаларымызға тағы да қолдау білдіріп отырғанын шын жүректен бағалаймыз. Осындай компаниялар мен қор достарының арқасында Run for Autism әр адам үшін спорттың, ізгіліктің және тең мүмкіндіктердің нағыз мерекесіне айналып келеді».

Run for Autism – халықаралық қайырымдылық спорттық қозғалысының бір бөлігі, жарыс шамамен бес мың қатысушыны – әуесқой жүгірушілерді, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, сондай-ақ инклюзивті қауымдастық өкілдерін біріктірді. Жүгіруге әуекомпания қызметкерлері – FlyArystan корпоративтік жүгіру қауымдастығының қатысушылары да қосылды.

Іс-шара барысында жиналған қаражат аутизмі және басқа да менталдық ерекшеліктері бар жасөспірімдер мен ересектерге арналған кәсіби оқыту бағдарламаларына, сондай-ақ олардың қоғамға бейімделуіне бағытталады.  

FlyArystan инклюзивті ортаны дамытуға және өмір сапасын арттыруға бағытталған спорттық әрі әлеуметтік бастамаларды жүйелі түрде қолдап келеді. Әуекомпания Almaty Marathon сынды ірі жүгіру іс-шараларды ресми серіктес болып, сондай-ақ бұған дейін трансплантология мәселелеріне назар аударуға және пациенттерді қолдауға бағытталған «Jüregımnıñ Jeñımpazy» қайырымдылық жүгіруіне қолдау көрсетті. Мұндай бастамаларды қолдау FlyArystan-ның қолжетімді мобильділікті дамытуға және ашық әрі инклюзивті қоғам қалыптастыруға үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетеді.

FlyArystan туралы:

FlyArystan — Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен кең ауқымды маршруттар желісі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023, 2024  және 2025 жылдары үш рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы деп танылды.

«Bolashak Charity» қоғамдық қоры туралы:

Bolashak Charity – 2011 жылы құрылған қазақстандық коммерциялық емес ұйым. Қор 15 жылдан бері аутизмі және басқа да менталдық ерекшеліктері бар балаларға арналған инклюзивті білім беру жобаларын іске асырып келеді. Сонымен қатар ұйым ҚР Парламенті Сенаты, «AMANAT» партиясы және мемлекеттік органдар жанындағы инклюзияны дамыту жөніндегі жұмыс топтарының мүшесі болып табылады.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →