×

Орамалды саясиландырып жүргендер партия құруы ықтимал - әлеуметтанушы

Оның айтуынша, орамалға сұраныс тудырып отырған төрт топ бар

 

Орамалды саясиландырып жүргендер партия құруы ықтимал - әлеуметтанушы
Стоп-кадр

Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Талғат Жақиянов депутат Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында хиджаб дауының артында кімдер тұрғанын, олардың мақсаты қандай екенін талдап берді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.
Оның айтуынша, орамалға сұраныс тудырып отырған төрт топ бар. Біріншісі, 2003 жылдан бері белсенді талап етіп келе жатқан теріс ағымдағы топ. Екіншісі, дінге берілген ата-аналарға құқытық-әдістемелік көмек көрсететін топ. Олар қалай арыз жазу керек бәрін дайындап қойған. Үшіншісі, әр жерде намазханалар ашып, билікке ұмытылып жүрген діни топтардың өкілдері. Олар мәжіліс, мәслихатқа сайланып алғандар. Төртіншісі, микс-жамағаттар. Яғни дәстүрлі дінді ұстаушылар мен салафиттердің аралығындағылар екен.

«Микс-жамағаттар әр түрлі әлеуметтік топтардың аясында қалыптасып жатыр. Соның бірі қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыруда байқалады. Көпбалалы отбасылардың пәтер алуына көмектесу, мешіт-медреселер салу. Бұл жерде дәстүрлі мұсылмандар мен салафиттік ағымдар араласып, құндылықтар шайылып кетіп жатыр. Енді шамалы уақытта қайсысы дәстүрлі, қайсысы дәстүрлі емес екенін ажырата алмайтын боламыз. Бұл өте қауіпті тенденция. Енді осының аясында радикалды ханафизм дамып келеді», - дейді Талғат Жақиянов.


Ол бірыңғай мектеп формасына қатысты тақырыпты саясиландырып отырғандар екенін де айтып қалды.


«Орамалды саясиландыру құралы ретінде пайдаланып отырғандар бар. Олар арандатуды көздейді. Сөйтіп, өздерінің ықпалын арттыру, билікке әсер етуге тырысады. Сарапшылардың ішінде осындай ағымдардың өкілдері тарапынан Орталық Азия деңгейінде саяси партиялардың құрылып кетуі мүмкін», - дейді әлеуметтанушы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
DISNEY туындылары қазақ тілінде көрсетіледі
Кеше, 18:47

DISNEY туындылары қазақ тілінде көрсетіледі

«Ойжұмбақ 2», «Моана 2» және «Муфаса: Арыстан патша» фильмдерін қазақ тілінде тамашалауға болады
Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Аймақ басшысы өз борышын өтеуге енді келген жас сарбаздармен тілдесті
Оқушы қызықты тәсіл ұсынып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →